Мәжіліс спикері Кореяда екіжақты кездесулер өткізді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов ел басшылығымен кездесіп, «Samsung Electronics» және Сеул ұлттық ғылыми-техникалық университетінде болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.Қазақстан делегациясы өз жұмысын Мәжіліс спикерінің Корея Республикасының Премьер-министрі Хан Док Сумен кездесуінен бастады. Ерлан Қошанов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы Кореяға мемлекеттік сапары екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікке жол ашқанын атап өтті. Бүгінде Корея Қазақстан экономикасындағы ең ірі алты инвестордың қатарында. «Жуырда біздің Президентіміз халыққа жолдауын жариялады. Ол ел экономикасын жаңа модельге көшіру туралы міндет қойды. Өндіріс, энергетика, банк пен IT секторын дамытуға басымдық беріліп отыр. Корея осы салаларда әлемдік көшбасшы ел және бізге сіздердің тәжірибелеріңіз қызықты. Мұның бәрі Қазақстан мен Корей ынтымақтастығын нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», – деді Мәжіліс Төрағасы. Ерлан Қошанов Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Ким Чжин Пхёмен кездесті. Мәжіліс спикері әріптесіне Қазақстандағы саяси және экономикалық өзгерістер туралы мәлімет беріп, Конституциялық реформалардың нәтижесінде Парламенттің рөлі күшейгенін айтты. «Біздің елдеріміздің Парламенттері арасында берік серіктестік қатынас орнаған. Парламенттік достық топтары белсене жұмыс істеп жатыр. Комитеттер деңгейінде сындарлы диалог пен заң шығару саласында тәжірибе алмасу арта түсуде», – деді Мәжіліс спикері. Сонымен қатар Қазақстан делегациясы «Samsung Electronics» компаниясының президенті Пак Сунг Химен кездесті. Онда компанияның Қазақстандағы қазіргі және алдағы ауқымды жобалары талқыланды. Сондай-ақ Ерлан Қошанов Сеул ұлттық ғылыми-техникалық университетінде болды. Бұл оқу орнының филиалын жақын арада Қызылордадағы Қорқыт ата университетінде ашу жоспарланып отыр. Сеул техникалық университетінде оқитын қазақстандық студенттермен де кездесу өтті. Ертең Қазақстан делегациясының Корея Республикасы мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламент спикерлерінің кеңесіне қатысуы жоспарланған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Қазақстан Азия чемпионатында қанша пайда тапқаны белгілі болды 
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді