Мәжіліс төрағасы мектеп бітіруші түлектерді құттықтады

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл елімізде 400 жаңа мектеп салынады. Соның бірі Ақмола облысы Қабанбай батыр ауылында бой көтереді. Елді мекен тұрғындарына сүйінші жаңалықты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жеткізді. Ол мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасына қатысты. Мәжіліс спикері оқушыларға мемлекет тарапынан барлық қамқорлық көрсетіліп жатқанын айтты. Түлектерге жігер беріп, тек қана алға ұмтылуға шақырды.Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінгі күнде сіздерге мемлекет тарапынан барлық қамқорлық жасалып жатыр. Барлық мүкіндіктер бар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан бойынша 400 жайлы мектеп салынбақшы.Сондай ұлттық жоба қазір қолға алынды. Сол 400 мектептің бірі осы Қабанбай ауылына салынатын болады. Бір-екі жылдан кейін жаңа жайлы мектепте, ең жоғарғы стандарттара сай мектепте білімдеріңізді жалғастыратын боласыздар. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов өңірдің ірі шаруа қожалықтарының жетекшілерімен кездесіп, саланы дамытудың жолдарын талқылады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
Тоқаев Бахрейн Королін де Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Алматы халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Бүгін Бахрейн Корольдігінің де Тәуелсіздік күні
Алматыны қалың қар басты
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің ұлы рухы
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай гүл қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
ChatGPT-ді сынға алған OpenAI компаниясының бұрынғы қызметкері өз үйінде өлі табылды
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Солтүстік Қазақстанда жоғалған тұрғын аман табылды
Талғарға жаңа әкім сайланды: 16 желтоқсан 2024, 15:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!