Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің кезекті отырысы Беларусь елінің Минск қаласында өтті. Шараға Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған делегация қатысты. Өз сөзінде ол елде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен Мәжіліс сайлауының қорытындылары туралы айтып, сайлауды бақылауға өз өкілдерін жіберген қатысушы елдерге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, өңірдегі биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне қатысушылардың назарын аударды. Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ шеңберінде Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастама көтергені белгілі. Осы бағытта біраз жұмыс атқарылуда. Біздің бастамамыз халықаралық қоғамдастық, соның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы әріптестеріміз тарапынан қолдау табатынына сенімдімін.