Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов жұмыс сапарымен Ұлытау облысына барды. Депутаттар Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен, облыстық мәслихат депутаттары және тұрғындармен кездесіп, өңірдегі мәселелерді талқылады. Жиын барысында облыс әкімі аймақты дамытудағы басым бағыттарға тоқталды. Өңірде екі жылдың ішінде 3600 орындық 6 жайлы мектеп салынған. Алдағы уақытта перинаталдық орталық, спорт нысандары мен жаңа тұрғын үй құрылысын бастау жоспарланып отыр. Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының бастамасымен Ұлытау облысының құрылуы бүкіл ел үшін маңызды оқиға екенін айтты. Сондықтан Президент, Парламент және Үкімет жаңа облыстың шарықтауына ерекше көңіл бөледі, - деді. Сондай-ақ сапар барысында бірнеше кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу өтеді. Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 2-3 күн бұрын мен президент қабылдауында болдым. Сол жерде Ұлытау облысының мәселесі де көтерілді. Өздеріңіз білесіздер, Президент шешімімен қайта жаңғырған Ұлытаудың өңір үшін ғана емес, ұлтымыз үшін орыны бөлек. Осыған орай, Мемлекет басшысының өңірде бірқатар әлеуметтік, мәдени нысандар, тұрғын үйлер салу жөнінде тапсырмалары бар. Оны орындау бәріміз үшін басты міндет. Ертең оның сұрауы да болады. Оны бірінші кезекте біз депутаттар өзіміздің бақылауымызға алдық.