Мәжіліс төрағасы Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды

Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов жұмыс сапарымен Ұлытау облысына барды. Депутаттар Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен, облыстық мәслихат депутаттары және тұрғындармен кездесіп, өңірдегі мәселелерді талқылады. Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз озық ел ретінде тек алға ғана қарауымыз керек» деген жуырда ғана берген сұхбатындағы негізгі басымдықтарға назар аударды. Өткен жыл еліміз үшін елеулі, маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Мемлекет басшысының кешенді реформалары жалғасып, жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру басталды. Ұлытау өңірінде екі жылдың ішінде 3600 орындық 6 жайлы мектеп салынған. Алдағы уақытта перинаталдық орталық, спорт нысандары мен жаңа тұрғын үй құрылысын бастау жоспарланып отыр. Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының бастамасымен Ұлытау облысының құрылуы бүкіл ел үшін маңызды оқиға екенін айтты. Сондықтан Президент, Парламент және Үкімет жаңа облыстың шарықтауына ерекше көңіл бөледі, - деді. Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 2-3 күн бұрын мен президент қабылдауында болдым. Сол жерде Ұлытау облысының мәселесі де көтерілді. Өздеріңіз білесіздер, Президент шешімімен қайта жаңғырған Ұлытаудың өңір үшін ғана емес, ұлтымыз үшін орыны бөлек. Осыған орай, Мемлекет басшысының өңірде бірқатар әлеуметтік, мәдени нысандар, тұрғын үйлер салу жөнінде тапсырмалары бар. Оны орындау бәріміз үшін басты міндет. Ертең оның сұрауы да болады. Оны бірінші кезекте біз депутаттар өзіміздің бақылауымызға алдық. Сондай-ақ сапар барысында бірнеше кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу өтті. Сәтбаев қаласындағы «Анненская» кенішіне түсті, Жезқазған жылу электр орталығында болды. Кездесуде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған заңнамалық бастамалар туралы айтылды. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтар үшін арнайы төлем енгізу және өндірістегі еңбек қауіпсіздігін күшейту жөніндегі түзетулер түсіндірілді. Мемлекет тарапынан олардың әлеуметтік қолдауын жақсарту мәселелері талқыланды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді