Мәжіліс Ұлттық қордан балаларға төлем жасау туралы заң жобасын мақұлдады

Келер жылдан бастап дүниеге келген әр сәбидің есепшотына Ұлттық қордан қаржы аударылып тұрады. Заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысында қаралып, депутаттармен мақұлданды. Бұл «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы аясында жүзеге аспақ. Қордың 50 пайыз инвестициялық табысы бала 18-ге толғанға дейін есепшотына түсіп тұрады. Жинақталған қаражатты пайдалануға жасөспірім кәмелет жасқа толғаннан кейін рұқсат етіледі. Оның өзінде тек баланың баспана, не білім алуына ғана жұмсалуы тиіс. Егер бала азаматтығынан айырылатын болса онда шоттағы қаржыны пайдалану құқығынан айырылады. Берік БЕЙСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Барлық балаларға тең тәсіл қамтамасыз етіледі, яғни баланың туған күнінен бастап немесе баланың Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күнінен бастап 18 жасқа толғанға дейін оның бағдарламаға қатысқан тиісті жылы үшін әрбір баланың шотына бірдей сома аударылатын болады. Шотта жинақталған қаражатты 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайдалану мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар төленетін қаражат салық салудан босатылады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Тәуелсіздік күні: еліміздің тәуелсіздік тарихына қатысты қандай қызықты фактілер бар
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Дәрігер жастықты сақтауға көмектесетін тағамды атады
Каспийді сақтауға арналған ғылыми жоба ТМД елдерінің премьер-министрлеріне таныстырылды
Маңғыстау облысында 13 жүк көлігі қар құрсауында қалды
Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды
Бүгін – Тәуелсіздік күні
Мәулен Әшімбаев: Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау – әр қазақстандықтың қастерлі борышы
Жас спортшылар патриоттық челленджге қатысты
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қырғызстанда із-түзсіз кеткен қазақстандықты іздестіріп жатыр
16 желтоқсандағы доллар бағамы қандай?
Қазақстан Тәуелсіздік жылдары қандай жетістіктерге жетті?