Мысыр Сенатының төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқ Мәжіліске келді. Спикер Ерлан Қошановпен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, көлік-транзит, туризм саласы мен мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Қазақстан мен Мысыр арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек және сотталған адамдарды беру туралы шарттарға қол қоюдың маңыздылығына да назар аударды. Ерлан Қошанов Қазақстан мен Мысыр арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті. Бұл бастама парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді.