Мажоритарлық сайлау жүйесі деген не?

Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы биыл жаңа форматта өтеді. Депутаттар тек партия атынан сайланбайды. Кандидаттар сайлау жүйесінің тағы бір түрі - мажоритарлық жолмен таңдалады. Ал мажоритарлық жүйе деген не? Халық оны біле ме? Жансұлу Жиенқұл жіліктеп жеткізеді.Жансұлу ЖИЕНҚҰЛ, ТІЛШІ: Конституциядағы жаңа өзгерістерге байланысты енді Мәжіліс және Мәслихат депутаттарын сайлау 2 жолмен жүзеге асады. Оның бірі – пропорционалды, яғни партия атынан ұсынылса, ал екіншісі мажоритарлық жолмен сайланады. Ал мажоритарлық жүйе деген не? Алдымен соған тоқталайық. Мажоритарлық тәсіл арқылы жергілікті тұрғындар таңдаған және аймақтың барлық проблемаларына қанық азамат сайланады. Демек, ауылға, аймақтың халқы өзін кандидат ретінде ұсына алады. Ол үшін үміткердің қоғамдық ұйым мен партияның мүшесі болуы міндетті емес. Ал халық бұл сайлау жүйесінен хабардар ма? Сұрап көрдік. БЛИЦ: - Мажоритарлы сайлау жүйесі дегенді білесіз бе? – Жоқ. - Жоқ білмеймін ол жағын. - Жоқ. - Иә, иә 19 мартта болатын ба? –Иә. -Жастар өздерін ұсынса жақсы ғой. Біз тілдескендердің көбі мажоритарлық сайлау жүйесінің не екенін білмей шықты. Саясаттанушылар да халыққа түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізу керек дейді. Өйткені, оны толық түсінбей, кім көрінгенге дауыс бере салуға болмайды. Өзін-өзі ұсынғандардың өмірбаянын түгел қарап, танысып алу керек. Болмаса, екі ортада халықтың опық жеуі әбден мүмкін дейді. Қазыбек МАЙГЕЛДИНОВ, САЯСАТТАНУШЫ: Бір мандатты округтен сайлаудың тағы бір ерекшелігін айта өтейін. Ол – императивті мандат. Былайша айтқанда, қайтарымды мандат. Бір мандаттық округпен келген депутаттарға сайлаушылары әсер ете алады. Мысалы 1 жыл бойы жұмыс істейді ғой. Бір жылдан кейін егер халықтың көңілі толмайтын болса, дауыс берген азаматтардың 10 пайызы бұл депутат сәйкес емес қайтаруға мүмкіндік алады. ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ТІЛШІ: Өзін-өзі ұсынған кандидаттарға Мәжілісте 29 орын дайын тұр. Парламенттің төменгі палатасына 30 процент мажоритарлық жолмен таңдалғандар барады. Ал мәслихат депутаттарын сайлау теңбе-тең, яғни 50 пайызы партия атынан, ал қалған жартысы өзін-өзі ұсынғандардан таңдалады. Саясаттанушылар қазір аймақ-аймақтарда 1 орынға 15-20 адам таласуы мүмкін екенін айтады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Роза Рымбаеваның видеосы көпшілікті елжіретті
Ауылдан – Алматыға!
Қазақстан біріншілігі финалына шыққан барлық боксшы анықталды
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан