Макинск құс фабрикасы жыл басынан бері 18,7 мың тонна ет өндірді

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Бұланды ауданындағы Макинск құс фабрикасының өндірістік процесімен танысты. Осы жылдың өзінде фабрика 18 млрд теңгеге 18 мың тонна ет өндірген. Сондай-ақ Үкімет басшысы облыстағы егіншілермен кездесіп, егіс жұмыстарының барысын тексерді. Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Президент аграрлық секторға айрықша қолдау көрсетуді тапсырды. Өткен жыл оңайға соқпады, оны жақсы білесіздер. Биыл мемлекет тарапынан 580 млрд теңге қаражат қарастырылған. Дизель бойынша да көмек көрсетіп жатырмыз. Қазір 376 тонна бөлінді. Қосымша тағы бөлінетін болады. Бұдан басқа Үкімет басшысы Көкшетауда қазандықтарды жаңғыртуға бөлінген 816 млн теңгені игеру бойынша жоспарларды тыңдады. Өңірдің жылу маусымына дайындығын және инженерлік құрылыстардың жай-күйін тексерді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Төрехан Сабырхан мен Назым Қызайбай Қазақстанның үздік боксшылары атанды
Республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ербол Мырзабосынов спорт саласындағы жыл үздіктерін марапаттады
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
“Өз елінің азаматтары бірінші орында тұрады“. Швейцарияда тұратын қазақ анамен сұхбат
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа ластанады
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды