Мақпал Жүнісова асырап алған қызы биологиялық ата-анасымен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

Халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова қызы Мерейді асырап алғанын және қызының биологиялық ата-анасымен қандай қарым-қатынаста екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Бұл туралы өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында бөлісіп, сырын ақтарды.Бағдарламада әншінің тыңдарманы хабарласып, оған "Қызыңызбен қарым-қатынасыңыз қалай? Мерей биологиялық ата-анасымен араласа ма" деген сұрақ қойды."Әрине, араласады. Ешқашан араларын үзген жоқпын. Өйткені ол - менің туған бауырым. Менің екі балам шетінеп кетті. Денсаулығым нашарлағаннан кейін, бір бала асырап алайық деп жүргенбіз. Басқа жерден асырап алайын деп жүргенде, келінім үшінші қыз туды. Осы кезде Зәкең "екі қызы бар ғой, үшінші қызды бізге берсе қалай болады" деді. Мен "бермейтін шығар, тоғыз ай толғатып, бауырындағы баланы қалай береді" дедім. Екеуіміз бірден ұшып барып, шешемнің, келінімнің алдынан өттік. Зәкең "Мақпал да бақытты болсын, айналайындар. Осы қызды бізге беріңдер. Артынан құт болып, келін бірден ұл туады" деді. Қазақтың ырымы ғой сол. Менің анам Зәкеңді қатты сыйлайды", - деді әнші. Оның айтуынша, қазір Мерейдің туған екі әпкесі мен екі інісі бар. "Анам "иә" деді, көзіне жас келіп "Мақпалым-ай, Мақпалым, бақытты болсыншы. Берейік. Сендердің қолдарыңда жаман қыз болмас" деп ақ батасын берді. Содан біз Мерейімізді перзентханадан шығарып алдық. Зәкең маған айтпай, Қарағанды әкіміне хабарласып, құжаттарды бірден жасатып алды. Шынымен, құтты қыз болды. Бір жылдан кейін екі бауыры дүниеге келді. Екі әпкесі, екі інісі бар. Қызым бақытты", - деді Мақпал Жүнісова.Өнер иесі қызы Мерейге неге шындықтың бетін ашқанын айтты."Қызым Зәкең беріп кеткен Заманбек деген тегін "ауыстырмаймын" дейді. "Менің әкем - Заманбек. Әкемді жақсы көремін" деп отырады. Біз мұны (оны асырап алғанын - еск.) айтамыз деп ойламадық. Зәкең "18 жасында өзім айтамын" деген. Бұл қыз танысқанда "Албанмын" деп танысады екен. Ертең өмірден өтіп жатсам, шындықты ашып кетейін деп ойладым. Мерей алғашында сенбеді, жылады. Ең бастысы, ол "Сен - менің анамсың" деді. Одан артық не керек?" - деді әнші.Айта кетейік, Мақпал Жүнісова 1964 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылында туған. Ол - кеңестік және қазақ эстрада әншісі, профессор, Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, халықаралық конкурстардың лауреаты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
АҚШ әуежайында жолаушылар мінген ұшақтан өрт шықты
Қазақстанда дарынды оқушыларды қолдауға арналған SMART Daryn цифрлық платформасы құрылады
Туберкулездің алдын алу: денсаулыққа маңызды қадам
Қазақстан көлік және энергетика инфрақұрылымына 200 млн еуро инвестиция тартады
Қазақстан халқы екінші жыл қатарынан мигранттардың есебінен өсіп отыр
Алматыда төрт радикал ұсталды
Наурыз мерекесінде елімізде оқушылар бір мезгілде күй тартады
Ковид кезінде жерлеу қызметтерінің бағасы 1 миллион теңгеге дейін өскен – Сенатор жерлеу орындарын мемлекетке қайтаруды талап етті
Алматыда дәрігерлер ерекше жағдайдағы жүкті әйелді аман-есен босандырып алды
Қазақстанға жарты жылға дейін жұмыртқа кіргізуге тыйым салынды
Көрісу күніне орай «Көктөбе» аспалы жолы уақытша тегін болады
Алматыда «Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында көктемгі дератизация өтуде
Қазақстанда дарынды оқушыларды қолдауға арналған SMART Daryn цифрлық платформасы құрылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын амал күнімен құттықтады
Наурыз көженің әртүрлі дайындалу тәсілдері
Өнердің дидарына дақ түсірмеген дарын...
Айдан аман, жылдан есен болайық!
Бояу алып, қоршауыңды боя!
"Ресей ұсынысты қолдайды" деген Путин мәлімдемесі соғыс тоқтайды деген сөз бе?
Қарағандының белгілі ұстазы рамазан айында дүниеден өтті
Алматы «жеке уақыт белдеуіне» көше ме?
Дастарханды тез әрі әдемі жайюдың 3 құпиясы
Алаяқтарға алданғандар азаймай тұр