Әнші Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің естелік видеосын бөлісті. Қоғам қайраткері қызы Мерейдің шілдеханасында ән айтып, қонақтарға тосынсый жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Мерейдің шілдеханасынан естелік. Зәкең ән айтып, тосынсый жасап, қонақтарды да, мені де таңғалдырып еді", - деп жазды Мақпал Жүнісова Instagram парақшасында. Видеодан той дастарханында отырған Мақпал Жүнісованың көзіне жас алғанын және қонақтар арасында ән айтып жүрген Заманбек Нұрқаділовті көруге болады. Желі қолданушылары Заманбек Нұрқаділовті еске алып, пікір білдірді. "Қазақтың маңдайына сыймай кеткен асыл азамат еді", "Заманбек Нұрқаділовті еске алып, жылап отырмын", "Әруағы бір аунап түскен шығар", "Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын", "Мерейдің баласын бесікке салып, тербетуді тілеймін, Мақпал ханым", "Сізді қатты сүйген екен", "Ағамыз аз ғұмырында шын махаббатын тапқан екен", - деп жазды желідегілер.