Елордада "Жаңа белес" шығармашылық фестивалі өтті. Шарада 30 шақты колледжден 700-ге жуық өнерпаз 7 номинация бойынша бақ сынады. Іс-шараның өтуіне қалалық жастар ресурстық орталығы мұрындық болды. Алияр Тұяқ 6 жыл музыкалық мектепте дәріс алған. Домбыраның құлағында ойнайды. Ол шығармашылық фестивальге "Қазақ технология және бизнес" колледжінің атынан қатысты. "Ұлттық аспаптар" номинациясында үздік үштіктен көрінді. Алияр ТҰЯҚ, 3-ОРЫН ИЕГЕРІ: Мен секіртпе күйін орындадым. Жарысқа ұзақ дайындалдым. Нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар. Өзім достойно алдым деп уверенно айта аламын. Фестивальде Елорданың 30-ға жуық колледжінен 700 өнерпаз бақ сынады. Оза шапқандар "вокал", "би өнері", "ұлттық аспаптар" секілді 7 номинация бойынша марапатталды. Арайлым САПАРӘЛІ, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Фестиваль 22-сәуір күні бастау алды. 35 оқу орнынан 20-ға жуық оқу орыны белсенділік танытты. Бүгін қорытынды марапаттау кеші. Әр номинациядан үздік деген үш адамды марапаттаймыз. Мақсаты техникалық оқу орындарының студенттерінен шығармашылық жастарды анықтау. Шығармашылықпен айналысуға жағдай жасау. Бір-бірімен пікір алмасуына жағдай жасау. Ұйымдастырушылардың айтуынша фестивальдің мақсаты қоғамның дамуына аз да болса үлес қосып отырған қыз-жігіттерді ынталандыру. Арсланбек МАҒЗҰМ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ: Жас таланттарды көріп, оларға көмек көрсетіп, олардың бағыттары бойынша қолдау көрсету мақсатында осы шараны ұйымдастырып отырмыз. Жастарымыз қазір өте креативті. Ештеңеден қорықпайды, ойларын ашық айтады. Сондықтан да осы кезде біздің жастарымыздың белсенділігі жақсы. Жаңа белес фестивальі осымен екінші рет ұйымдастырылып жатыр. Шара алдағы уақытта да жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар.