«Мақтаарал» футбол клубының бас бапкері Константин Горовенко қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қазақстандық маман 2021 жылы команда тізгінін ұстады. Команданы бірінші лигадан Премьер-лигаға алып шығып, былтыр үздіктер қатарындағы орнын сақтап қалды. Тәжірибелі маман команда құрамында қызметін жалғастырып, техникалық директор қызметіне тағайындалды. Ол жастар мен жасөспірімдер футболының дамуына назар аударады. Сондай-ақ, футбол орталығының жұмысына жауапты болады. Футбол клубын алдағы ойындарға уақытша Руслан Эсатов дайындайды. Қазір «Мақтаарал» командасы турнир кестесінде небәрі үш ұпаймен көш соңында тұр.