"Мал қырылып қалуы мүмкін". Ақтөбеде қойда қауіпті жұқпалы ауру тарады

Ақтөбенің "Садовый" тұрғын үй алабының маңында жайылатын  қойдан  жұқпалы күл ауруы табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Жақында "Садовый"  тұрғын үй алабында  тұрғындардың малын бағатын адамнан  қалалық ветеринариялық станцияға екі қойдың ауырып тұрғаны туралы хабар түседі."Мамандар ауырып тұрған малды көзімен көріп, сынама алды. Алдын ала "күл" деген диагноз қойылып, сынама облыстық ветеринариялық зертханаға тапсырылды. Кейін зертхананың нәтижесі бойынша "қой күлі" диагнозы расталды. Қазіргі таңда қалалық әкімдікке ұсыныс берілді.  Бүгін-ертең шешім шығып қалуы мүмкін. Шешім шыққаннан кейін "Садовый" тұрғын үй алабындағы аумаққа карантин жарияланады", - деді Ақтөбе облыстық ветеринария  басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат БекжановКарантин мерзімі 20 күнге созылады. Осы уақыт ішінде сауықтыру шаралары жүреді. Аталған ауруға қарсы екпе салынады. Дезенфекция жұмыстарын "Эпизоотияға қарсы отряд" РМК жүргізеді.Басқарма өкілінің айтуынша, күл жедел жұқпалы вирусты қауіпті ауру.  Малдан малға ауа, жем-шөп арқылы тез жұғады. Вирус жұқтырған малдың терісінде бөртпе пайда болып, денесі іседі, қызуы көтеріледі. Егер аурудың алдын алмаса мал қырылып қалуы мүмкін. Аурудың тағы бір қауіптілігі адамға да жұғуы мүмкін. Сондықтан карантин кезінде малдың етін, сүтін пайдалануға болмайды. Жалпы бұндай ауру соңғы он жылда өңірде тіркелмеген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
19 киікті заңсыз атып алғандар ұсталды
9 жастағы қалыңдық. Ирактағы үйлену той жұрттың жағасын ұстатты
СҚО-дағы спорт мектебіндегі өртке қатысты ТЖМ мен білім басқармасы пікір білдірді
Тірідей жанып беткен бес баланың анасы бес жылға сотталды
Қанат СЕРІКҰЛЫ: Арманым ақиқатқа айналды
2024 жылы алматылық 13679 отбасы  үй алды
Қала құрылысы ережелері және әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету
Сейсмикалық қауіпсіздік – Алматының басты басымдықтарының бірі
Алматыдағы реновация бағдарламасы: ескі үйлердің орнына жаңа баспана
Алматыда былтыр жолаушылар көлігі жүргізушілерінің кінәсінен 6 адам қаза тапты
Тұрғын үй заңнамасын реформалау және «Отбасы банкінің» жаңа рөлі
Қазақстанда рекордтық тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылуда
Еліміздің бес өңірінде әскери қызметшілерге арналған жаңа үйлер салынып жатыр
Өткен жылы Қарулы күштерде 50-ден аса модульдік ғимарат пайдалануға берілді
Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру жобасы жылдың екінші жартысында іске қосылады
Алматыда өткен жылы қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді
Мектеп көп пе, мешіт көп пе?
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асырылуда
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жоба іске асырылуда
Сотталған жасөспірімдер де ҰБТ тапсырады
Алматыда №98 бағытта жаңа электр автобустары жүре бастады
Шенеунікті ара шағып өлтірді
Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды
Қазақстанның ТМККК пакеті шет елдердегі медициналық көмектің тегін тізбесінен едәуір асып түседі