Әйелді ұрып-соғып, қылмыс орнынан қашып кеткен Қарқаралы тұрғыны Қарағандыдан ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.Оны өңірдің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге құрықтады. 30 жастағы күдікті полиция бөліміне жеткізілді. "25 тамызда түнде Қарқаралы ауданының криминалдық полиция басқармасы мен ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қарағанды қаласында "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің сарбаздарымен бірлесіп Қарқаралы ауданының тұрғынына шабуыл жасады деген 30 жастағы күдікті анықтап, ұстады", - деді Қарағанды облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев.Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.