Мамандар адамға салған шошқа бүйрегі алғаш рет ағзаға еніп, қалыпты жұмыс істеді

Алабама университетінің ғалымдары адамға генетикалық түрлендірілген шошқаның екі бүйрегін салды. Мүшені ауыстыру отасы сәтті өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.Мамандар бұл отаны бұрын миы өлген адамға отбасының рұқсатымен жасаған. Медицина тарихында алғаш рет донорлық органдарды организм қабылдап, тіпті қалыпты жұмыс істей бастаған. Яғни зәр шығару, жаңа иесінің денесін улы қалдықтардан тазарту жұмыстарын мүдірмей орандады. Бірегей операцияның толық сипаттамасын ғылыми қауымдастық жоғары бағалады. Әзірге бұл тек бастапқы нәтиже болғанымен, созылмалы бүйрек ауруымен ауыратын және трансплантацияны қажет ететін ондаған мың пациенттерге үміт бермек. Дүние жүзінде донорлық органдарға сұраныс артып тұр. Статистикаға сәйкес, АҚШ-та трансплантацияны күткен әрбір бес науқастың екеуі диагноз қойылғаннан кейін бес жыл ішінде қолайлы донор органын күтпестен көз жұмады. Адамға шошқа бүйрегін трансплантациялау отасы бірінші рет жасалып отырған жоқ. Соңғы екі жылда мұндай әрекеттер екі рет жасалған. Операциядан кейін науқастың денесі донорлық органды қабылдай алуы үшін трансплантацияға арналған шошқа бүйректері генетикалық бейімделу әдісімен арнайы өңделіп, гуманизацияланады. ДНҚ тізбегінде ғалымдар төрт тек шошқа генін (GTKO, CMAH, B4GALNT2, GHR) тауып, "өшіреді", содан кейін оны алты адам генімен (CD46, CD55, CD47, THBD, PROCR, HMOX1) толықтырады. Дегенмен, осы жолы дәрігерлер донорлық органның да қалыпты жұмыс істеп, оның барлық функцияларын орындайтынын қамтамасыз ете алды. Бастысы қанды сүзу және денені зиянды қалдықтардан (бірінші кезекте креатинин) тазарту нәтижесін алды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберген
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды: 15 желтоқсан 2024, 13:10 - жаңалықтар Tengrinews.kz
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Сарапшы Шавкат Рахмоновтың жалғыз қателігін атады
Алматы Халықаралық әуежайында туристерге сыйлықтар табысталады
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күніне орай шыңға шықты
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
Арқалық прокурорының орынбасары этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды
Грузияда мейрамхананың 12 қызметкері өлі табылды
Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»