Мамандар "Титан" экипажының қалай қайтыс болғанын айтып берді

Атлант мұхитында "Титаникке" бару кезінде жоғалып кеткен "Титан" су асты кеменің жолаушылары тез әрі ауыртпалықсыз қайтыс болды. Бұл пікірді Флорида халықаралық университетінің профессоры Айлин Мария Марти CNN арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазды massaget.kz"Құрылғының корпусы жылдам, миллисекундтың аз ғана бөлігінде жарылып кеткен. Мұның бәрі іштегі адамдар батискафта ақау бар екенін түсінбей тұрып болған шығар. Олар қиналмай өмірден өткен", - деді ғалым.Ресейлік океанограф Сергей Мұхаметов те "Титанның" экипажы әп-сәтте қаза тапты деп есептейді. Оның ойынша, бұл жексенбі күні – сүңгуір қайықтың жоғалып кеткен күні болатын.Бұған дейін хабарланғандай, жоғалып кеткен "Титан" сүңгуірдің қалдықтары Атлант мұхитынан табылған болуы мүмкін. "Бөлшектері табылса, онда батискаф жарылып кетіп, экипажы бірден қайтыс болды... Мен олардың жексенбі күні қайтыс болғанына сенімдімін", - деді РИА Новостиге берген сұхбатында океанолог.Сарапшылар марқұмдардың қалдықтарын табу мүмкіндігі өте аз екенін атап өтті. Ал батискафтың жарылу себептері туралы құрылғыны жер бетіне көтермейінше қорытынды жасау қиын.Мамандардың айтуынша, су астындағы қайық дұрыс емес құрастырылуына байланысты жарылуы мүмкін. Кеменің корпусы ішінде тұтынушылар мен басқа жолаушыларға көбірек орын болатындай етіп ұзартылған. Сонымен қатар, корпус толық титаннан жасалмаған."Олар оны композиттерден құрастырған, әдетте корпус титаннан жасалады. Иә, композит өте берік. Бірақ композиттерге қатысты проблемалар да бар, сонымен қатар композиттер басқаларға қарағанда сәл өзгеше жарылады", - деп келтіреді Euronews теңіз инженері Джаспер Грэм-Джонстың сөзін.Корпустың қалыңдығы да жеткілікті емес, ол шамамен 13 сантиметрді құрайды. Сарапшылардың пікірінше, 4 км тереңдіктегі қысымға мұндай қалыңдық төтеп бере алмайды. Сонымен бірге 5 экипаждың ешқандай рұқсат құжаты болмаған.Айта кетейік, Атлант мұхитында дүйсенбі күні суға батқан "Титаник" кемесінің қирандыларына туристерді әкелген жеке сүңгуір қайық байланысын тоқтатқан.Ол 18 маусымда суға батқаннан кейін шамамен бір сағат 45 минуттан кейін байланысын үзген. Бірнеше сағаттан соң АҚШ Әскери-теңіз күштерінің өте құпия акустикалық жүйесі Атлант мұхитында жарылысты тіркеген.АҚШ жағалау күзетінің хабарлауынша, суға батқан "Титаниктен" 200 метрден астам жерде сүңгуірдің сынықтары табылған. Құрамында британдық миллиардер Хамиш Хардинг, француздың теңіз ардагері Поль-Анри Нарджоле, америклық "Титаник" туристік компаниясының негізін қалаушы Стоктон Раш және пәкістандық кәсіпкер Шахзада Дауд пен оның 19 жастағы ұлы Сүлейман болған экипаж қайтыс болды деп жарияланды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
«Иә» дедім»: әнші Ayree жақында тұрмысқа шығады (Видео)
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Жерасты газгольдері өртеніп, 850-ден астам адам эвакуацияланды
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
«Астана» - «Челси» матчынан кейін Алматы орталық стадионының басшысы қызметінен босатылды
«Астана» командасы «Челси» клубынан жеңіліп қалды
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Нұрбек Оралбай 50 мың доллар сыйақыға ие болды
Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді
“Астана“ - “Челси“ матчы: Орталық стадионның басқарушысы қызметінен босатылды
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Елордада арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7,5 мыңнан астам адам қамтылды
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді