«МӘМС халықтың қанын ішіп бітті», - депутат

«Араққа тәуелді адамды коньякпен емдейді». Елімізде маскүнемдіктен емдейтін дәрінің құрамына ащы су қосылған. Депутаттар дабыл қағып отыр. Бұл препаратты қолданғаннан кейін өзін ішімдіктен әрең тыйып жүргендер қайтадан әуес болып қалуы мүмкін дейді. Мұны денсаулық сақтау министрлігіндегі былыққа теңеді. Негізі салада бұдан да басқа түйіткіл көп. Мәжілісмендер МӘМС-ті қазаққа жасалған қастандыққа балап, халықтың қанын ішкен жүйені тоқтатуды сұрады. Халық қалаулылары неге сонша ашуланды екен? Аружан Задабек айтады. Жиынның басталуына санаулы минут қалды. Депутаттар бірінен кейін бірі залға кіре бастады. Мейрам бірден сезілді. Халық қалаулылары қазақы нақыштағы киімдерін киіп, әбден дайындалып келіпті. Бәрі белсенді. Басталмай жатып Әлназарованы сұрақтың астына алғандар да кездесті. Министр қызметіне келгеніне небәрі 1,5 ай болған басшы алдымен артық шығындармен күресуді бастадым, - дейді. Өйткені салаға 2,5 трлн теңге бөлінеді. Бірақ қайда, қандай мақсатта жұмсалып жатқаны белгісіз. Тиімді деп айту қиын. Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: Жетісу облысында бас дәрігерлер мен бухгалтерлерге 389 млн теңге соммасында ынталандыру үстемелері заңсыз төленді. СҚО, Павлодар және Астана қаласында 332,9 млн соммасында осындай факт анықталды. Депутаттар МӘМС халықтың қанын ішіп бітті, оны уақытша тоқтату керек, - деді. Сапасыз жасалған жобаны ұлтқа жасалған қастандыққа балады. О баста Президент міндеттеуді емес ерікті түрде тіркеу керегін қадап айтқан. Бірақ жауаптылар шаш ал десе, бас алған секілді. Оған халық көнді. Ақшасын берді. Бірақ ұшы қиыры жоқ кезек тоқтаған жоқ. Дәрігерге қаралу одан әрі қиындай түсті. Ринат ЗАЙЫТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Ерікті дегенді міндетті қылып жібердік. Сомен қанша халық зардабын тартып отыр. Жақсы. МӘМС қазір тоқтата алмасақ, онда мен сізгне Аягөз ауданы бойынша екі мысыал айтып бере аламын. Адам қайтыс болған осы МӘМС жоғынының кесірінен. Ринат Зайытов әбден ашынса керек, саладағы бір емес бірнеше кемшілікті бетке басты. Арақты коньякпен емдеу ақымақтық деді, жедел жәрдемнің жедел жетпейтініне шағымданды. Сұраққа нақты жауап беруін талап етіп, «дежурный» жауаптан шаршағанын жасырмады. Бізде мүгедектік туралы анықтама алу да мұң. Дәлелдеу қиын. Қазір елімізде 3 мыңнан астам баланың құлағы естімейді. Осы балалардың болашағына балта шабылмаса екен деген мыңдаған ата-ана барар жері, басар тауы болмай, шырылдап жүр. Олар не мүгедек ден танылмайды, не қосымша көмек алмайды. Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бір құлағы жоқ балаларды мүгедек деп танымайтын мемлекетпіз. Екі құлағы жоқ боп туылған балаларды кей жағдайда мүгедек деп танымайтын мемлекетпіз. Оларға қатысты «Қазақстан халқына» қорымен сөйлессек, олар емдеуге қажетті барлық құрал-жабдықты әкелуге дайынбыз дейді, министрлік тиісті құжатқа өзгеріс енгізсе. Дәрігерлерді шетелде оқыту үшін қазынадан 300 миллион теңге бөлінеді. Осыны естіген Түркиялықтар министрліктегілерге сәлемдеме жолдапты. Шетелдіктер олардың оқығанынан қыдырғаны көп, - дейді. Елдегі мәселеге өзге ұлттың араласқаны бізге сын дегендер Әлназаровадан түйіткілді тезірек тарқатуын сұрады. Министр бәрін талқылаймыз деп уәде берді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Путинцева WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты
Алматы зообағында ширек ғасыр өмір сүрген Хан есімді керік өлді
Ла Лига Дани Ольмо мен Пау Виктор уақытша тіркеді
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті
Елімізде көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады
10 қаңтарда тұман түсіп, көктайғақ болады: бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Темір жол машина жасау саласындағы кәсіпорындар өндірістегі оқшаулау үлесін арттыру жоспарларын талқылады
Алматы зообағында ширек ғасыр өмір сүрген Хан есімді керік өлді
Шегірткеге қарсы егістіктерді өңдеуге арналған техниканың саны 2 есеге артты
Төтенше жағдай бойынша үздік аумақтық өртті бақылау бөлімшесі анықталды
Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін
“Болашақ“ орталығы Калифорнияда оқып жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады
Алматыда жол ережесін өрескел бұзушы қамауға алынды
Тапаншамен қауіп төндірген: Оралда полиция мас жүргізушіні ұстады
Шавкат Рахмоновтың бапкері келесі жекпе-жектің уақытын атады
Декларация тапсыру кезегі кімдерге келді?
Депутаттар әскерилерге заңнамалық жаңашылдықтар туралы айтты
еGov көрсететін қызмет саны артты
"Қазгидромет"ертең 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Бельгия премьер-министріне уланған хат жіберілген
Астана маңындағы ауылда жаңа жайлы мектеп ашылды
«Жын шығарушы емшінің» ісіне қатысты Балаларды қорғау комитеті мәлімдеме жасады
Мәжіліс депутаттары Жетісудағы кірпіш-керамзит зауыты қызметкерлерімен кездесті
Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан әлем чемпионатын үш медальмен аяқтады