Мамыр айында жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Несие әлеуметтік осал топ санатындағы тұрғындарға 7 процентпен, ал қалған санаттағы азаматтар үшін – 9 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Басты шарт - 20 процент алғашқы жарнаның болуы. Кредитті 19 жылға дейін рәсімдеуге болады. Бағдарлама 8 жылға созылады. Министрлік биыл 300 млрд. теңгеге 12 мың ипотекалық несие берілетінін айтты. Бұдан бөлек халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 22 мыңнан астам жалдамалы тұрғын үй салынады. «НАУРЫЗ» ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ: Әлеуметтік осал топ - 7% Өзге санат - 9% Алғашқы жарна - 20% Өтеу мерзімі – 19 жыл Бағдарлама 8 жылға созылады Ипотекалық несие – 12 мың Әлеуметтік осал топ үшін жалдамалы үй – 22 мың