Мамырдың бірінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз болады. Жиі жаңбыр жауып, соңы нөсер жаңбырға ұласады. Кей күндері найзағай соғып, қатты жел тұрып, бұршақ жауады. Онкүндіктің басында және ортасында республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығыс аудандарының таулы және тау бөктерінде түнде жауын жауып, соңы қарға ұласады.Мамырдың бірінші онкүндігінде ауа температурасы ауытқиды. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде -5+3°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +5+13°С-тан +20+28°С-қа дейін ысиды. Республиканың оңтүстік жартысында - түнде -3+5°С-тан +8+15°С-қа дейін, күндіз +13+23°С-тан +25+30°С-қа дейін жылы болады. Қазақстанның батысында түнде +8+18°С-тан -3+7°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +8+15°С-қа дейін ысиды. Айдың екінші және үшінші онкүндігінде жылы ауа массаларының Иран аудандарынан қарқынды шығарылуының әсерінен ауа температурасының біртіндеп жоғарылайды. Республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде +10+18°С дейін, күндіз +25+35°С дейін жылы болады. Ал оңтүстік жартысында түнде +15+23°С дейін, күндіз +30+40°C ыстыққа дейін барады. Мамыр айының екінші және үшінші онкүндігінің кей күндерінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай соғып, жаңбыр жауады. Ауа температурасы олтүстікте, орталық және шығыс аймақтарда күндіз +15+25°С дейін, оңтүстікте +20+28°С дейін жылиды. Синоптиктер мамыр айында орташа айлық ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, еліміздің батыс аймақтарында норма шамасында болады деген болжам жасады. Мамыр айында елдің көп бөлігінде жауын-шашын көп мөлшерде жауады. Жаңбыр мөлшері елдің қиыр батысында нормадан көп, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан аз болуы мүмкін.