Қай жұлдызнама белгісі өкілдерінің өмірі жағымды энергияға толады? Астрологтардың болжамын ұсынамыз. АрыстанМамырдың бірінші жартысы тыныш әрі тұрақты болмақ. Кез келген жоба жақсы нәтижелер бере бастайды. Алайда өзіңізді қауіпті тәуекелдерден сақтау үшін кішкентай қадамдардан бастаңыз. Мамырдың екінші жартысы эмоционалды тұрғыда қанық болады, бірақ еңбегіңіздің оң нәтижесін көресіз. Эмоционалдық жағдайыңызға мән беріңіз және сізді батыл қадамдарға баруға кедергі келтіретін ауыртпалықтан арылыңыз. Торпақ Егер өзіңізді дамытуға уақыт бөлсеңіз, мамырдың бірінші жартысы тыныш болады. Сіз үнемі айналаңыздағы адамдардың көңілінен шығуға тырысасыз. Алайда бұл кезеңде өз-өзіңізді жетілдіру жолында сізді жақсы тосынсыйлар мен жағымды әңгімелер күтіп тұр. Мамырдың екінші жартысында маңызды шешімді қажет ететін жағдай туындайды. Бұл білім саласына немесе жеке өміріңізге қатысты болуы мүмкін. Шешім қабылдауға асықпаңыз және эмоцияға берілмеңіз. Егіздер Мамырдың бірінші жартысы сіз үшін өз-өзіңізге анализ жасау және жаңа идеялар кезеңі болады. Көбірек тыңдаңыз және бақылаңыз. Бұл кезеңде сізге жаңа жағымды таныстар жолығады. Мамырдың екінші жартысында кей бұрынғы таныстарыңыз оралады. Кімді немесе нені өткенде қалдыру керек, ал кімге тағы бір мүмкіндік беруге болады? Шешім қабылдауда интуицияңызға сүйеніңіз.