Англияның «Манчестер Сити» командасы футболдан 2023 жылғы UEFA Суперкубогының иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кездесу ағылшындық клубтың басымдығымен өтті. Ойын басынан тізгінді өз қолына алып, қарсылас команда қақпасы маңында жиі шабуыл жасады. Негізінен қорғаныста жүрген испаниялық қарымта шабуылды ұмытқан жоқ. Осындай сәттердің бірінде 25-минутта «Севилья» сапынан Юссеф Эн-Несири көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Өз қақпасына гол жіберіп алған «Манчестер Сити» алға қарай ұмтылды. Дегенмен бірінші кезеңде олардың таразы басын теңестіруге мүмкіндігі болған жоқ. Екінші кезеңде де ойын барысы дәл осындай көріністе болды. Шабуыл шебінде негізінен «Манчестер Сити» бой көрсетті. Ойынның 63-минутта олардың қатарынан Круп Палмер өзіне берілген мүмкіндікті құр жібермеді. Ойынның негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталды. Пенальти сериясында «Манчестер Ситидің» жеңіске жетті. Осылайша өз тарихында тұңғыш мәрте суперкубокққа қол жеткізді. Айта кетсек, суперкубок финалына «Манчестер Сити» тұңғыш мәрте қатысты. Ал «Севилья» бір мәрте 2006 жылы жеңіс тұғырынан көрінсе, бес мәрте финалда қарсыластарына есе жіберіп қойды. Қазірге дейін Испанияның «Реал Мадрид», «Барселона» және Италияның «Милан» клубтары бес мәртеден чемпион болды.