«Манчестер Юнайтед» клубының жаңа қожайыны Джим Рэтклифф бас бапкер Эрик тен Хагқа тағы бір мүмкіндік беріп көрмек, деп хабарлайды Bassport.kz.Ол Нидерланд маманына сеніп артып, қолдамақшы. Рэтклифф басқаратын INEOS компаниясы жақында клубтың 25 пайыз акциясын сатып алған. Сонымен қатар клубтың басқару жұмысымен айналыспақ. The Guardian жазуынша, бас бапкерге алаңдауға еш себеп жоқ. Сондықтан Эрик тен Хаг алаңдамай, жұмысын жалғастыра берсе болады. Жаңа басшылық алдымен барлығын сараптап, клубтың құрылымын ретке келтірмек. Содан кейін бапкердің мәселесін қарастырады. Нидерланд елінің бапкері «Манчестер Юнайтед» тізгінін 2022 жылдың жазында ұстаған. 53 жастағы бапкер 90 ойын өткізді. Команда 54 матчта жеңіске жетіп, 10 ойында тең түскен. Ал 26 кездесуде қарсыласқа есе жіберген. Биылғы маусымда «Манчестер Юнайтед» Англия премьер-лигасында сегізінші орында келеді. Команда 20 ойында 31 ұпай жинаған.