Әлеуметтік желіде ауруханада науқастарға берілетін тамаққа шағымданып түсірілген видео тараған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. «Бұл қандай аурухана тағамы? Жауапты адам нақтылап бере алады ма? Мүмкін, біреу бұл диеталық тамақ деп айтар. Бірақ, мұны тамақ деп айтуға келмейді», - дейді пациент. Маңғыстау облыстық ауруханасы бекітілген ас мәзіріне сәйкес науқастарды аутсорсингтік компания келісім-шарт негізінде күнделікті емдік диетамен қамтамасыз ететінін түсіндірді. «Әлеуметтік желіде жарияланған видеоның негізінде бүгін аутсорсинг мекемесінің басшылығымен бірге дереу тексеру жүргізілді. Нәтижесінде азық-түлік таратушы тарапынан олқылық анықталып, тәртіптік шаралар қолданылды. Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасында көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына қатысты ұсыныстар мен тілектер бойынша 8-777-550-21-39 «Науқастарды қолдау қызметтері» телефоны бойынша хабарласуға шақырамыз” , деп хабарлады облыстық аурухана.