Маңғыстау облысы биыл 320 мыңнан астам турист қабылдауды жоспарлап отыр

Маңғыстауға келетін туристер саны артқан. Өңірге 2026 жылға дейін 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тарту жоспарлануда. Облыс әкімі логистика мен инфрақұрылымды дамыта отырып, туризм, ауыл, балық шаруашылығын жандандырмақ ниетте.Маңғаз Маңғыстау туристер арнайы іздеп келетін аймаққа айнал¬ды. Былтыр 310 мыңнан астам туристер келсе, биыл бұл көрсеткіш біршама өсуі мүмкін. Облыс әкімінің сөзінше, облыстың орналасқан жері қолайлы. Сондықтан мұнайға тәуелділіктен арылу үшін жаңа бағыттарды жүзеге асыру қажет дейді. Нұрлан НОҒАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Облысқа келетін туристердің саны да және туристік объектілердің көрсететін қызметтерінің көлемі де жылдан-жылға артып келе жатыр. 310 мың турист келді деп дерек беріп отырмыз. Десе де бұл біздің ресми қонақ үйлерде орналасқан туристер саны екенін ескеру керек. Мұның сыртында өзінің ағайын-туысына және ескертусіз келіп, пәтерлерді жалға алып, өздерінің демалыс орындарын ұйымдастыратын туристердің санын ескерсек, басқаша сан шығады. Өткен жылы 4 жоба іске асырылған, жалпы құны 1 миллиард 100 мың теңге. 80 жаңа жұмыс орны ашылған. Әкім бұл істің биыл да жалғасын табатынын айтты. Нұрлан НОҒАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 17 жобаны жүзеге асырдық. Жалпы соммасы 25 миллиард теңге. Нәтижесінде 600 жұмыс орнын құруға мүмкіншілік болды. Жалпы 2026 жылға дейін 100 жобаны жүзеге асырып, жалпы құны 1,9 трлн. теңге және нәтижесінде 6 мың жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз. Облыста туризм саласын дамытудың маңыздылығы жыл сайын артып келеді. Шикізат базасының молдығы, экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық ахуал, географиялық орналасуы. Мұның барлығы инвестиция көлемін одан әрі арттыруға ықпал етеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Түркістан мен Жамбыл облыстарында жолдар жабылды
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Павлодар облысындағы алтын кенішінде ер адам қаза тапты
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Атырауда бір топ адам намаз оқу үшін жолды жауап тастаған (АИДЕО)
Сақинасын шеше алмаған жас келіншек құтқарушылардан көмек сұрады
Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жарияланды
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды: 15 желтоқсан 2024, 13:10 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Түркістан мен Жамбыл облыстарында жолдар жабылды
Илья Ильиннің әйгілі қарсыласы үшінші рет әлем чемпионы атанды
Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінді
Жетісу облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Жетісу облысында алты адам қар құрсауында қалып қойды
Талғарда жаңа әкім тағайындау үшін сайлау болып жатыр
Астанада коммуналдық қызметкерлерге алғыс ретінде жаңа челлендж бастау алды
АҚШ ғалымдары адам өмірін қысқартатын 6 өнімді анықтады