"Маңғыстау облысын 100% газбен қамтамасыз ету – басты міндет", - ҚТГА

Ауылға газ келді.«ҚазТрансГазАймақтың» Маңғыстаулық филиалы Дәулет ауылы тұрғындарының көп жыл күткен үмітін ақтады. Мұнайлы ауданындағы бұл елдімекенде бір жарым мыңға жуық тұрғын бар. Ауылға көгілдір отынның келуі олар үшін жаңа жыл қарсаңындағы ең керемет сый болды. Ботагөз Қитайбекова баллондардағы газ балансын тексеріп, жаңасына тапсырыс беруге асығудың қажеті жоқтығына әлі сене алмай отыр. Ақыры 4 жылдан соң үй орталықтандырылған газ құбырына қосылды. 3 баланың анасы бұл оның отбасы үшін қауіпсіз әрі өте үнемді дейді. БОТАГОЗ ҚИТАЙБЕКОВА, ДӘУЛЕТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жан-жағымыздағы газы бар үйлер 10 мың теңге төлейді.Біз 50-60 мың. Ал тоқпен отырған кезде 80 мыңға дейін төледік айына. Қазір енді жақсы, өзіміздің газымыз келгеніне өте қуаныштымын. Әкімшілікке және «ҚазТрансГазАймақтың» басшыларына рақметімізді айтамыз. Әзірге ауылда 15 үй көгілдір отынға қосылды, ал жақын арада тағы 25 үй газбен қамтылады. Еркін ЖҰМАҒАЛИЕВ, «ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ МАҢҒЫСТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Жаңа салынған ауыл 4 жыл бойы газға қосыла алмай жүрді. Қазіргі таңда «ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ Мұнайлы әкімдігімен бірлесіп, тез арада шұғыл түрде тұрғындарды газға қостық. Біз «ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ мамандары осы біздің қазақстандықтардың барлығы газға қамтылып, өз жаңа жылдарын жылы үйлерінде қарсы алсын деп әрқашан жұмыстанамыз. ӘЛІБЕК ӨТЕГЕНОВ, МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:Қазіргі таңда осы Дәулет ауылдық округіндегі 45-ке жуық үй газбен қамтылмаған еді.Қазір құрылыс жұмыстары жүргізіліп, газдар қосылды. Қалған үйлер құжаттарын жасақтап, техникалық шарттарын алып, рәсімдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Қазтрансгаз Аймақ» кәсіпорнының қызметкерлері тұрғындарды көгілдір отынның келуімен құттықтап, күнделікті өмірде газды қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтау қажеттігін еске салды. Қ. Мерей

Читать источник astanatv.kz/kz/
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Қаңғыбас ит қауіп тудырады
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Жылу беру қалпына келтірілді: сағат 6:00-ден бастап нысандарды кезең-кезеңімен қосу басталды
Станислав Черчесов қызметінен кететін болды: жаңа басшы тағайындау мәселесі
10 жасар шабандоз Хамза Амангелді «Алтын тұғыр-2024» сыйлығына ие болды
Жеті қалада ауа сапасы нашарлайды
Тұман түсіп, жел күшейеді
Қарағанды облысында автобус өртенді
Есен Елеукеннің анасы дүниеден өтті
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
“45 млн теңге“. Астанада ломбардқа ұрлыққа түскен қаскөйлер ұсталды
271 қазақстандық "Болашақ" бағдарламасымен шетелге оқуға жіберіледі
Бүгін қазақтың батыр ұлы – Бауыржан Момышұлының туған күні (ВИДЕО)
Биыл елімізде ішкі туристер саны 6 миллионға жетті
21 адамды алдаған қарағандылық турагент сотталды
Су саласының 105 маманы Қытайда біліктілік арттыру курстарынан өтеді
Қызылорда облысында аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған әйел ұсталды
Алматыда ерлі-зайыптыны атып кеткен үй тонаушы табылмай жатыр
Астана мешіттерінде сурдоаударма қызметі іске қосылды
Алматыда ерлі-зайыптыны "электрик" атып кеткен: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
«Ол президент бола алмайды». Дональд Трамп Илон Маск жайлы
ШҚО-да қар көшкініне байланысты республикалық жолдың бір бөлігі жабылады
Бірнеше өңірде ауа ластанады