Маңғыстау облысында 30 әйел есірткі тұтыну бойынша есепте тұр

Маңғыстауда 30 әйел есірткі тұтыну бойынша есепте тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жалпы, Маңғыстау облысында жыл басынан бері есірткіге қарсы 54 құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 46-сы есірткі қылмысына қатысты теріс қылық дерегі болса, 6 есірткі заттарын сату және 2 аса ірі көлемде сақтау дерегі тіркелген. 2023 жылы заңсыз айналымнан 4 келі 244 грамм есірткі тәркіленген. Оның ішінде 2 келі 864 грамм марихуана, 1 келі 375,3 грамм синтетикалық есірткі мен 3,7 грамм гашиш, 1 грамм апиын бар. «Жыл басынан бері қоғамдық орында есірткі саудасын жарнамалайтын 350 граффити жазулары анықталып, жойылды. Сонымен қатар, есірткі заттары мен олардың аналогтерін жарнамалайтын 15 интернет сайт бұғатталды», - деді Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға жедел уәкілі Камиль Будайчиев. Сондай-ақ, өңірде 30 әйел есірткі тұтыну бойынша есепке алынған. «Есірткіні қолдану адам ағзасының қалыпты жұмысына кері әсерін тигізіп, әр алуан өзгерістерге ұшырауына себеп болады. Тіпті, есірткі қолданатын әйелдердің сәбилерінен бастапқы кезеңде нашақорлық синдромдары байқалады. Жүкті ананың есірткіні тұтынуы шақалақтың шала тууына, дімкәс болуына әсер етеді. Бұл ғылым тұрғысынан дәлелденген», - деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының психикалық денсаулық орталығының бөлім меңгерушісі Қорлан Елеуова.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Ұшқыштар басқаруды толықтай өз қолдарына ала алмаған сияқты»: ұшақ апатына қатысты маман пікірі
«Жаңа басшылықтың өз жоспары»: Черчесов ұлттық құрамадан кету туралы қауесеттерге жауап берді
Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Euronews: Ақтау маңындағы ұшақ апатына зымыран себеп болды
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін