Маңғыстауда бала саудасымен айналысты деген күдікпен 42 жастағы әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Полицияның мәліметінше, бала сату фактісі әлеуметтік желілерді тексеру кезінде анықталған. Сонымен қатар, тінту нәтижесінде әйел үйінде есірткі сақтағаны анықталды"Аталмыш факті ҚР ҚК-нің 135-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы "Кәмелетке толмағандардың саудасы" бойынша тіркелді. Сонымен қатар әйелдің үйінде есірткі сақтағаны анықталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы "Есірткі, психотроптық немесе сол тектес заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз өндіру, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау”, – делінген хабарламада.