Қарақия ауданы Жетібай ауылында ағасы мен қарындасын көршісі пышақтап тастаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.Күдікті қамауға алынды. Тергеу басталды. Не себепті пышақтағаны әлі белгісіз. "Зардап шеккендер – 20 жастағы жігіт пен оның 14 жастағы қарындасының жағдайы орташа ауыр, жақсару динамикасы бар. Оларға шұғыл операция жасалды", – деді Жетібай ауылдық ауруханасының директоры Берік Қауынов.