Маңғыстау облысында екі адам жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 11 ақпан сағат 13:30 шамасында Ақтау-Баянды тас жолының 11 шақырымында Nissan Altima автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылу маневрін жасау кезінде Mercedes-Benz автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан. Жол апаты салдарынан оқиға орнында Nissan Altima автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан қаза тапты. Бұл дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.