Маңғыстау облысында колледж директоры қызметкерлерінен "сыйақы үшін" 30 млн теңге алған

Маңғыстау облысы Бейнеу гуманитарлық колледжінің директоры бюджеттің ірі көлемдегі ақшасын иемденді деген айыппен сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сотта оның 2022 жылғы желтоқсан және 2023 жылғы тамыз айлары аралығында қызметкерлерге сыйақы беру туралы бұйрықтар шығарғаны анықталды. Сотталушы тікелей кадр бөлімі басшысына нақты қандай қызметкерлерге сыйақы беру және оның мөлшері туралы бұйрықтар рәсімдеу туралы ауызша нұсқау берген."Колледж қызметкерлерінің бірқатары сыйақы ретінде өз есепшоттарына аударылған ақшалай қаражаттарының бір бөлігін сотталушы Ж-ға қолма-қол, ал бірқатары колледж бухгалтері арқылы қайтарған. Салдарынан сотталушы Ж колледждің бюджеттік қаражатынан 29 550 929 теңгені заңсыз иемденген", – делінген хабарламада.Сот жаза тағайындау кезінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының өз кінәсін мойындауын, шын өкінуін, келтірген мүліктік залалды толық өтеуін, асырауында жас баласының барын ескерген."Сотталушы Ж ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 74-бабына сәйкес, асырауында жас баланың болуына байланысты тағайындалған жазаның орындалуы 4 жыл мерзімге кейiнге қалдырылған. Үкім заңды күшіне енген жоқ", – делінген хабарламада.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Үкіметтегілер жұмыссыз қалуы мүмкін — Премьер-министр
Қыстық маусымда Ақтөбе облысының жолдарын қардан тазалауға 146-дан астам техника тартылды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
«Әлеуметтік әмиян» жобасы ыстық тамақ үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Ауыл» партиясында кадрлық өзгерістер болды
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Доллар 7 теңгеге арзандады
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Түркия командасында ойнайтын Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке тағайындалды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Алматы қалалық ландшафтты жаңартуда: қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды
108 педагог «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының жүлдегері атанды
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Алматылық сарапшы Жаңа жыл қарсаңында тамақтан уланудан қалай сақтануға болатынын айтты
Су саласының 105 маманы Қытайда біліктілік арттыру курстарынан өтеді
2024 жылы шаңырақ көтерген шоу-бизнес жұлдыздары
Биыл 18 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Черчесовтің қызметінен кететіні рас па?