Маңғыстау облысының әкімі өңірдегі бірқатар елді мекендерді аралады

Маңғыстау облысы Оңды ауылында үш жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Тұрғындар алкогольден бас тартқанның нәтижесі дейді. Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев ауыл тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізді.Оңды ауылы қылмыс тіркелмегенімен ғана мақтанбайды. Мұнда жетістік жетерлік. Ауылда 45 шаруа қожалығы табысты жұмыс істеп тұр. Республикалық «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының шарапатын көруде. Оған қоса, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған бастамалар қолға алынбақ. Нұрлан НОҒАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Мемлекет басшысы әр өңір өзінің мүмкіншіліктерін ескеріп дамуды қамтамсыз ету керек, ішкі мүмкіншіліктерді қарау керек деп тапсырма берген болатын. Оның бір мәселесі ол бұл туристік әлеуетті қолдану. Теңіздін қақпасы болып саналатын Маңғыстау облысы бұл сол теңіздін мүмкіншілігін пайдалануға туристерді тартуға яғни бір туризм саласының өзіңде неше түрлі бағыттар бар. Нұрлан Ноғаев екі мыңға жуық тұрғыны бар Үштаған, Жарма және Сазды елді мекендерін де аралады. Жиын барысында тұрғындар қоғамдық көлік, медицина, ветеринария, жол, спорт кешені мен балалар ойын алаңдарын салу мәселелерін көтерді. Аймақ басшысы ауыл тұрғындарының барлық тілегі алдағы уақытта шешілетінін айтты. Жұмабай ОРАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Ауыл жетіліп келе жатыр, дамып келе жатыр. Жылдан жылға жақсарып келе жатыр. Осы ауыл жөніндегі пікірлерімен ұсыныстарын жеткізіп жатыр. Ризамыз. Екі күндік жұмыс сапары барысында Нұрлан Ноғаев Шетпе ауылында да барды, онда Маңғыстау ауданының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізді. Елді мекенде мектеп тапшылығын жою мақсатында жаңадан 200 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларын жобалау
Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды облысында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді
"Алданып қалмаңыздар!": Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады
Күйдіргіден қауіп көп
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жел екпіні күшейеді: құтқарушылар елордалықтарға ескерту жасады
Қалжыңдаймын деп айыппұл арқаламаңыз: ІІМ ескерту жасады
Нашақорлықпен күрес күшейді
Қаншама зират көрдім, ішінде адамы жоқ...
Қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынады
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Қаржылық сауат балабақшадан басталады
Сырты бүтін» кітабының тұсаукесері өтті
Ақтауда жасөспірімдер жағажайдағы қоршауды қиратқан
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды (ВИДЕО)
Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды
Алматыда демалыс күндерінің жәрмеңкелері модернизацияланды
85 млн теңге қарызы көлік жүргізушісі ұсталды
Үйде еркектің билігі әлсірегенде ене ұлын қызғанып, келінге күн көрсетпейді - Мұхамеджан Тазабек
«Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін»: бостандыққа шыққан актер жантебірентер жазба жариялады
Садраддин, Науатбек Ақмарал: Тағы кімдер «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды (ВИДЕО)