«Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасында мектеп мәселесіне ерекше мән берілген. Қазір білім беру ұйымдары партиялықтардың жіті назарында. Маңғыстау облысында соңғы жылдары мектептер құрылысы қарқынды жүруде. Алайда, олардың арасында сақалды құрылысқа айналғандары да жоқ емес. Мәселен, дәл қазіргі уақытта өңірде екі білім ошағының құрылысы бітпей тұр. Тапсыру мерізімінен 1 жыл кешіккен. Ризбек ӨТЕГЕНОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Құрылыс басталған уақытта пандемия басталып кетті. Құрылыс материалдарымен өзге де қажетті дүниелер қымбаттап кетті. Содан кейін тапсырыс беруші жобаны қайта қарауға шешім қабылдады. Дәл қазіргі уақытта ешқандай мәселе жоқ. Тапсырыс берушілер тарапынан жан-жақты көмек көрсетілуде. Партиялықтар құрылыстың қайта басталуы үшін қажетті шараларды қабылдауда. Жобаға енгізілетін түзетулерді тез арада аяқтауды облыстық құрылыс басқармасына жүктеген. Арыстан ХИБАСОВ, ОБЛЫС БОЙЫНША ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: Корректировка деп қазір облыстық сәулет құрылыс басқармасы корректировка жіберілген сентябрьден бастап осы күнге дейін. Енді жылдың аяғына дейін корректировка жұмыстары бітеді. Келесі жылы қайтадан құрылысты бастап, қыркүйек айында береміз деген әңгімелер айтып отыр. Ал, Астана қаласында аманаттықтар әлеуметтік нысандарға мән берген. Бұл жолы олар Binom жеке білім ордасын аралады. Жалпы елордада мұндай 6 мектеп бар. Олар заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мектептер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған. Мұнда оқушылар тегін білім алады. Оқу жүйесінде халықаралық тәжірибе пайдаланылады. Марс АБЛЕЗОВ, А.БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ «BINOM SСHOOL» МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Ұстаздардың кәсіби тұрғыда қиналатын тұстарын анықтау арқылы шетелдік бағдарламаларды қазақстандық моделіне енгізіп, ұстаздарымызға әдістемелік жағынан қолдау көмектер көрсету, әр түрлі курстардан өткізу, өздерінің пәндік, құзіреттілік тақырыптарында ұстаздарды дамыту бағытында жұмыстар жүргізіледі. Партиялықтар "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім беру нысандары Binom-нан үлгі алса дейді. Қанат ЕСТЕК, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бұл Binom мектептерінің ашылған себебі, қазіргі таңда көп көмегі ол үш аусымды оқу орындарын қазіргі екі ауысымды оқу орындарына ауыстыру. Мысалы қазір Binom мектебінде екі ауысыммен оқушылар оқып жатыр. Бұл жерде 1 сыныпта 25 оқушыдан оқиды. Мұндай мектептер білім беру ұйымдары арасындағы бәсекелестікті арттырады дейді партиялықтар. Осы арқылы оқушылардың таңдау жасау мүмкіндігі кеңейеді.