Маңғыстау прокуратурасы мүгедектігі барлардың құқығын бұзған 7 мыңнан астам фактіні анықтады

Маңғыстау облысының прокуратурасы биыл жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын бұзудың 7 мыңнан астам фактісін, оның ішінде конституциялық құқықтарды бұзу фактілерін анықтады. Олардың кейбірі жүйелі сипатта болған. Атап айтқанда, инватакси қызметін көрсету тәртібінің сәйкессіздігі анықталды. Олар заң талаптарын бұза отырып, тек жұмыс күндері 8 сағат кесте бойынша қызмет көрсеткен. Ал заңға сай үзіліссіз, оның ішінде демалыс және мереке күндері де қызмет көрсетуге тиіс. Талаптарды бұза отырып, мүгедектігі бар 3 мыңнан астам адам жеке оңалту жоспарында көзделген тауарлар мен қызметтердің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз етілмеген. Қалалық және әлеуметтік инфрақұрылымның 100-ден астам объектісі мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта талабына сәйкес келмейтіні анықталып, қадағалау актісі бойынша жауапты тұлғалар 7,5 млн теңге әкімшілік айыппұл төлеуге тартылды. Ең сорақысы, қорытындыларды дұрыс толтырмаған медицина қызметкерлерінің кесірінен өздері аурудан зардап шегетін 100 тұлға мүгедектік туралы куәландырудан қайта өтуге мәжбүр болды. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жеке көмекшілері мен ымдау тілі мамандарынан 66 млн теңге мөлшерінде ақша қаражаты заңсыз ұсталғаны анықталған. Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдардың еңбек құқығы мен инклюзивті білім беру саласында бұзушылық жасалған."Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша оларды жою және кінәлі адамдарды заңда көзделген жауаптылыққа тарту туралы прокуратурамен қадағалау актілері енгізді. Облыстық әкімдікте мүгедектер істері жөніндегі кеңесшінің штат бірлігін ашу, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетуге такси агрегаторларын тарту, "кедергісіз қала" пилоттық жобасын іске асыру бойынша ұсыныс енгізілді. Алқа отырысының нәтижесі бойынша уәкілетті органдар жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шаралар әзірленді. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тапсырмалар берілді". Маңғыстау облысы прокуратурасы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ - Мемлекет басшысы
Суперкомпьютер Чемпиондар лигасының жеңімпазын анықтады
Бүгін – Тәуелсіздік күні
Черчесовпен келісімшарт бұзыла ма?
Қазақстан полициясы қауіпті петардалар туралы ақпаратты жоққа шығарды
"Сіздің өнеріңізден нәр алып, бала кезімнен сусындап өстім..."
Балалардың жолдағы қауіпсіздігі басты назарда
Қазақстандағы валюта бағамдары
Біздің басты парызымыз – тәуелсіздікті сақтап келер ұрпаққа аманат ету
Биткоин құны 106 мың долларға жетті
Алматылық әскери қызметшілер патриоттық флешмоб ұйымдастырды
Алматы халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Бүгін Бахрейн Корольдігінің де Тәуелсіздік күні
Қазақстандық әйел интернеттегі әдіспен емделемін деп ауыр жағдайға душар болған
Алматыны қалың қар басты
Астаналық депутаттар мерекеге орай құттықтау жолдады
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ақтөбе облысында балыққа барған екі жігіт жоғалып кетті
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қостанай облысында жол қозғалысы шектелді
Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Шымкентте газ жабдығы орнатылған көлік өртенді