Маңғыстауда 150 келі бекіре тәркіленді

Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында өңірде 24 ақпан мен 13 наурыз аралығында республикалық “Браконьер” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні сағат 00:20 шамасында республикалық маңызы бар Форт – Шевченко – Ақтау тас жолының 89/43 шақырымында Маңғыстау облысы ПД патрульдік полиция ротасы, Маңғыстау облысы ПД табиғатты қорғау полициясы облыстық балық инспекциясы және ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, Ford mondeo автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікті тексеру барысында, жүк салғыш бөлігінен салмағы 150,35 келіні құрайтын заңсыз ауланған 57 дана бекіре тұқымдас балық анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша Түпқараған ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Полицейлермен 35 және 39 жастағы күдікті азаматтар ұсталды. Тәркіленген балық “Kazakh Osseter” ЖШС мекемесіне жіберілді. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына қаржылай көмек беріледі
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Көшпелі жиын өтті
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады