Маңғыстауда екі баланы бірнеше рет зорлаған қылмыскер жазасын өмір бойы өтейді

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы кәмелетке толмағандардың заңды өкілі – қорғаушысының апелляциялық шағымына сәйкес бұған дейінгі үкімді қайта қарады.Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұған дейін сот айыпталушыны 25 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Бірінші сатыдағы сот жәбірленген балалардың анасымен бірге тұрған айыпталушыны кінәлі деп таныды. Ол балаларға бірнеше мәрте азғындық, зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Осы қылмыстардың жиынтығы бойынша 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда, зардап шеккен балалардың анасының қорғаушысы қайта шағым түсірді. Апелляциялық шағымда адвокат тағайындалған жазаның жұмсақтығына назар аударды, үкімді өзгертуді және оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. «Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот тағайындаған жаза айыпталушы М.-ның 2 балаға қатысты аса ауыр қылмыс жасаған әрекетіне сәйкес келмейтінін анықтады. Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертілді. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, кәмелетке толмаған жәбірленушілердің заңды өкілінің – қорғаушының апелляциялық шағымы қанағаттандырылды», - делінген баспасөз хабарламасында. Істің жабық режимде қаралуына байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
14 дүркін чемпион! Қазақстандағы ең мықты боксшылардың есімі аталды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Елордадан Атбасар мен Көкшетауға жүретін жаңа жылдық электропойыз жолға шықты
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған
«AMANAT» партиясы Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
«AMANAT»-та Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтылды
Нью-Йоркте Қазақстан шахматшыларының қатысуымен әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда жылдың үздік спортшысы анықталды