Биыл 3 айдың қорытындысы бойынша облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында 40 адам БДП қабылдап жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz. Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мәліметінше, оның ішінде: халықтың негізгі топтарына жататын инъекциялық есірткі тұтынушы адамдар, секс қызметкерлері, ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер, пациенттердің байланысқа түсетін серіктестері (оның ішінде жүкті әйелдер де бар). «Егер сіздің өміріңізде бірдеңе өзгерсе және сізде АИТВ-инфекциясының айтарлықтай қаупі болмаса, БДП қабылдауды тоқтатуға болады. Алайда, АИТВ-ның берілуінің алдын алу үшін соңғы жыныстық қатынастан немесе АИТВ жұқтыру қаупімен байланысты есірткіні қолданғаннан кейін тағы 7 күн БДП таблеткаларын қабылдау қажет. БДП тоқтату үшін АИТВ-инфекциясының алдын-алу орталығының дәрігермен кеңесу керек», - дейді мамандар.