Маңғыстауда кене көбейіп мал қырылды

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы түйе шаруа қожалықтарында кене көбейіп кетті. Салдарынан біршама бота өлген, деп хабарлайды  inbusiness.kz. Шаруалардың айтуынша, жәндіктер қуаңшылықтан кейін пайда болған. Биыл кенелердің саны әдеттегіден көп. Ал малшылар жануарлар мен қораларды кенеден тазартып үлгермей жатыр. Түйелердің жүнін қырқып, өз бетінше улап жүрген азаматтар әзірге нақты нәтиже болмай жатқанын айтты.Бес бота өлді. Зиянкесті улау үшін Үкіметтен көмек сұраймыз. Біздің өз күшімізбен құртуға шамамыз келер емес. Қуаңшылықта азайып қалған малымызды енді кенеге талатып отырмыз, - деді шаруа Есбол Естұрлиев. Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшыларының мәліметіне сүйенсек, шаруалар жылына бір рет малдың жүнін қырқып, паразиттерге қарсы ерітіндіге тоғытуы қажет. Сондай-ақ қораларды дезинфекциялау да аса маңызды. Ал мұндай міндет шаруалардың өз күшімен атқарылуы тиіс. Басқармаға жүгінсе, ақылы қызмет көрсететін мамандарды беруге дайын. Әр кәсіпкер паразиттар ауруларының алдын алуға міндетті. Ал біздің тарапымыздан жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық-диагностикалық іс-шара жасалады. Ал түйелердің жаппай қырылуы үш жыл қатарынан тіркелсе ғана, министрлікке шығып, қауіпті дәлелдеп, залалсыздандыру шараларына қаражат бөлдіруге болады. Қазіргі жағдайда шаруаларға өз күштерімен улау шараларын жүргізуге тура келеді, – деді Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бердібек Марқабаев.             

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сенат төрағасы БҰҰ-ның Жаһандық конференциясында сөз сөйледі
Алматыда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік дайындық бойынша нұсқаушыларының жиыны өтті
ЕЭО-ның ішкі нарығында бәсекелеспеуіміз керек – Тоқаев
Ресей Президенті Тоқаевқа алғыс айтты
Алматыда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік дайындық бойынша нұсқаушыларының жиыны өтті
Сенат төрағасы БҰҰ-ның Жаһандық конференциясында сөз сөйледі
Екібастұзда танысын пышақтап өлтірген тұрғын сотталды
Алматы облысында құтқарушылар бір отбасыны өрттен аман алып қалды
ЕЭО-ның ішкі нарығында бәсекелеспеуіміз керек – Тоқаев
Алматыда полиция алаяқты құрықтады
Әсел Сәдуақасова өзінен жеті жас кіші күйеуімен ажырасып кетті
Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ауқымды жобаларды атады
Мемлекет басшысы: Қазақстан мен Ресей арасында ешқандай түйткілді мәселе жоқ
Францияда өткен халықаралық өнер байқауында қазақстандық жас өнерпаз бірінші орын иеленді
Қазақстан мен Ресей президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Тоқаев пен Путин әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Ресейдегі филиалын ресми түрде ашты
Ресейде ҚазҰУ-дің филиалы ашылды
Тоқаев пен Путин бірлескен мәлімдеме қабылдады
Путин Тоқаевқа алғыс білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бірлескен мәлімдеме қабылдады
Тарихта тұңғыш рет: Михаил Шайдоров Гран-при финалына қатысады
Астанада үш жасар бала құтқарылды
Алматы облысында 7 жастағы баланы автобус басып кетті
Қазақстан мен Ресей президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады