Маңғыстауда «Kөрпе Fest - 2024» фестивалі өтті. 19 шебер ерекше қолөнер бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Шеберлердің туындылары көрермендердің қызығушылығын тудырды. Қазір ұлттық қолданбалы өнер қайта жаңғыруда. Сондықтан бұл жастар арасында жоғары сұранысқа ие. Наурыз мерекесі Ақтау қаласында ерекше аталып өтті. Каспий теңізінің жағасына 27 киіз үй тігіліп, ауқымды шара ұйымдастырылды. Наурыз мейрамының жылуын сезіндірген шараға халық көп жиналды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қалың жұртшылықты бірлік пен достықтық белгісі болған Наурыз мерекесімен құттықтады. Нұрлан НОҒАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Президенттің тапсырмасына сәйкес, әр қазақстандықтың бойындағы мүмкіншіліктерді ашу үшін, Жаратқанның бойына берген барлық таланттарды аша білу үшін, адами капиталды дамыту үшін қажетті деңгейде іс-шаралар жүріп жатыр. Бойымызға қуат, жанымызға шуақ, болашаққа үмітін ала келген әз-Наурыз мерекесі құтты болсын. Бұл мерекенің ерекшелігі «Kөрпе Fest - 2024» қолөнершілер фестивалі болды. Өңірде бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан шара ұлттық қолөнерді дәріптеп жүрген тігіншілер мен кесте тігу шеберлерінің басын қосады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальге қатысушылардың қатары жыл сайын жастармен толығуда. Тілектес БОЛАТБАЕВА, ЖАҢАӨЗЕН ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Фестивальға қатысып отырған 19 қатысушы өздерінің жұмыстарын алып келді. Құрақ көрпешелерін, қосымша жасап жатқан сөмкелерін, дәстүрлі бұйымдарын алып келіп, халыққа паш етті. Фестивальге қатысушылар пайдалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ мерекелік шара барысында халық театрландырылған қойылым тамашалап, дәмнен ауыз тиді. Жағалаудағы мейрам түнге дейін жалғасып, мерекелік отшашумен аяқталды.