Маңғыстауда «Көрпе Fest - 2024» фестивалі өтті

Маңғыстауда «Kөрпе Fest - 2024» фестивалі өтті. 19 шебер ерекше қолөнер бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Шеберлердің туындылары көрермендердің қызығушылығын тудырды. Қазір ұлттық қолданбалы өнер қайта жаңғыруда. Сондықтан бұл жастар арасында жоғары сұранысқа ие. Наурыз мерекесі Ақтау қаласында ерекше аталып өтті. Каспий теңізінің жағасына 27 киіз үй тігіліп, ауқымды шара ұйымдастырылды. Наурыз мейрамының жылуын сезіндірген шараға халық көп жиналды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қалың жұртшылықты бірлік пен достықтық белгісі болған Наурыз мерекесімен құттықтады. Нұрлан НОҒАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Президенттің тапсырмасына сәйкес, әр қазақстандықтың бойындағы мүмкіншіліктерді ашу үшін, Жаратқанның бойына берген барлық таланттарды аша білу үшін, адами капиталды дамыту үшін қажетті деңгейде іс-шаралар жүріп жатыр. Бойымызға қуат, жанымызға шуақ, болашаққа үмітін ала келген әз-Наурыз мерекесі құтты болсын. Бұл мерекенің ерекшелігі «Kөрпе Fest - 2024» қолөнершілер фестивалі болды. Өңірде бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан шара ұлттық қолөнерді дәріптеп жүрген тігіншілер мен кесте тігу шеберлерінің басын қосады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальге қатысушылардың қатары жыл сайын жастармен толығуда. Тілектес БОЛАТБАЕВА, ЖАҢАӨЗЕН ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Фестивальға қатысып отырған 19 қатысушы өздерінің жұмыстарын алып келді. Құрақ көрпешелерін, қосымша жасап жатқан сөмкелерін, дәстүрлі бұйымдарын алып келіп, халыққа паш етті. Фестивальге қатысушылар пайдалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ мерекелік шара барысында халық театрландырылған қойылым тамашалап, дәмнен ауыз тиді. Жағалаудағы мейрам түнге дейін жалғасып, мерекелік отшашумен аяқталды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
28 қарашадағы ауа райы болжамы
Жоба құны – 147 млрд теңге: Түркістанда мақта өңдейтін ірі зауыт салынып жатыр
Танымал қазақстандық актер есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталды
Алматының Түрксіб ауданындағы бос жердің орнына жаңа заманауи жаяу жүргіншілер аймағы ашылды
Алматыда жастарға арналған тағы бір комьюнити-орталық ашылды
Ерболат Досаев 2025 жылғы қаңтарда №195 мектепке қосымша құрылысты аяқтауды тапсырды
Ұлттық банк байқау жариялады
TikTok 18 жасқа толмағандарға бет-әлпетін өзгерту сүзгілерін қолдануға тыйым салады
Қазақстан мен Ресей президенттері ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалын ресми түрде ашты
ТЖМ құтқарушылары Пионер шыңын бағындырды
Алматының Көлсай шағын ауданында алғаш рет ауыз су пайда болды
Алматылық оқушы жасанды интеллект арқылы тері ауруын анықтайтын ғылыми жоба ұсынды
Президент жыл бойы өзекті сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселесіне ерекше ден қойылғанын айтты
Полиция алаяқтың жаңа түрінен сақ болуға шақырады
Apple 2025 жылы жаңа iPhone смартфондарынан физикалық SIM картаны алып тастайды
Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізіп жатыр
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы сессиясына қатысты
2028-2029 оқу жылына дейін докторантура шәкіртақысы 500 мың теңгеге дейін өседі
Алматыда есірткіге тәуелділікке қарсы күрес туралы зерттеу нәтижелері ұсынылды
«Казахтелеком» әлі күнге дейін Tele2 мен Altel-ді катарлық холдингке сата алмай отыр
Ақтөбеде қан айналымы жүйесі ауруларымен ауыратындардың саны артқан
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне 15-тен аса елдің киногерлері қатысып жатыр
«AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ел аумағында кең көлемде өткізілді
«Таза бейсенбі» экоакциясы кезінде ел бойынша 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды