Маңғыстауда медбике шала туған сәбиге препаратты қате салып жіберген

Қызылтөбе ауылының медбикесі шала туған сәбиге нұсқаулыққа сай келмейтін препарат салған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Шынарай Сәрсенбаева былтыр тамыз айында уақытынан бұрын босанған. Айы-күні толмай, шала туған сәбидің өкпесі дұрыс дамымаған. Келіншек босанған соң 56 күн бойы 34 шағын аудандағы «Ана мен бала» орталығында баласымен бірге ем алып, 19 қазан күні үйіне шыққанын айтады. Сондай-ақ, ол Қызылтөбе ауылдық емханасының дәрігерлері баланы ай сайынғы тексеру жұмысын 2 айға кешіктірді деп отыр. - 26 желтоқсан күні ақылы неврологқа бардық. Невролог сәбидің жамбасына кортексин мен в2 екпесін салу керек екенін айтты. Дәрігер Абылай Ермаханов балаға қандай препарат салу керек екенін медбикеге анық жазып берді. Медбике нұсқаулықты қайта сұрап, мені дәрігерге жіберді. Келсем, препаратты дайындап салайын деп жатыр екен. «Нұсқаулықты анық оқымай дайындағаныңыз қалай? Кері әсерін бермей ме?» деп сұрадым. Иә, сынама ғой деп, 5 грамның жартысын салды. 1 минуттан кейін балам көгеріп, түс-өңі қашып, қатты жылады. Кейін сәбиді Қызылтөбе ауылдық емханасының басшысы Ақтоты Қуандықова келіп қарады. Сәбидің жамбасы ісіп кеткен. Нұсқаулықты орындамай, басқа дәрі салатындай елімізде медицина саласы дамымаған ба?, - деп күйінеді Шынарай Сәрсенбаева. Келіншек келесі күні медбикенің ішуге арналған «картан» сұйықтығын салып жібергенін білген. Алайда медбике жас ананың наразылығына «бұл кортексиннің екінші түрі картан» деп жауап берген. - Былтыр желтоқсанның 27-сі күні Мұнайлы аудандық емхананың басшысы Жанар Есенғалиқызына арыз-шағым жолдадық. Олар «сәбиіңізге портал ашып, Астанаға жібереміз» деп уәдесін үйіп-төгіп, қайтарып жіберді. 12 қаңтар күні сәбиім инфекциялық ауруханаға түсті. Ал 24 қаңтарда пневмания белгісімен жансақтау бөліміне ауыстырды, - дейді Шынарай Сәрсенбаева. Мұнайлы аудандық емханасының басшысы Жанар Есенғалиқызы балада жедел респиратор ауруының белгілері болуына байланысты, жедел жәрдем бригадасы шақырылғанын айтады. - Тиісті медицина мамандары сараптама жүргізді. Сараптама электрондық медициналық құжат, медицина қызметкерлерінің бақылауына сәйкес балада инъекция орнында асқыну белгілері (қызару, ісіну, іріңдік) болған жоқ. Демек, баланың ауруханаға түсуіне қате салынған препараттың қатысы жоқ. Оның үстіне препарат бұлшықетке не көктамырға салынбаған, медбике тек сынама жасаған. Одан мұндай асқыну болмайды, - деп жауап берді Жанар Есенғалиқызы. Сондай-ақ, ол осы оқиғадан соң медицина қызметкерлеріне тәртіптік шара қолданылғанын хабарлады. Ал Қызылтөбе ауылдық дәрігерлік амбулатория басшысының міндетін атқарушы Абылай Серікұлы медбикелердің қатесін мойындап отыр. - Сәбиге салынуы тиіс нұсқаулықты мен жазып бердім. Бірақ медбике препаратты қате салған. Қазір сәбидің туған кезінен бергі жағдайы мен қаралған мамандарының жазбаларын қарап шықтым. Ешқандай маман Астанаға жіберу туралы ұсыныс жазбапты. Сәбидің жағдайы жақсарып, ауруханадан шыққан соң, Астана қаласындағы «Ана мен бала» орталығына жіберуге болады, - деді Абылай Серікұлы. Қазіргі таңда бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасында стационарлы ем алып жатыр. Мамандар баланың жағдайы тұрақталғаннан кейін Республикалық медициналық орталыққа порталмен жіберуге уәде беріп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістан облысында 110 жастағы қария төлқұжатын жаңартты
«Ата-аналарды қырағы болуға шақырамын»: Закиева блогер жариялаған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
«Масқара қорлау болды»: Атырауда мұғалім педкеңестен кейін өзіне қол жұмсамақ болған
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Елордада 700-ге жуық жас сарбаз ант берді
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
Елордада 700-ге жуық жас сарбаз ант берді
Жетісу облысында жоғалған адам табылды
Жаңа жылдық рейд барысында заңсыз ағаш кескендер анықталды
«Әкемді құшақтап, тоқтамай жыладым»: түрмеден шыққан актер Асқар Жұмабек жан сырын ақтарды
10 жастағы қазақстандық оқушы дүниежүзілік Олимпиадада алтын иеленді
МӘМС жүйесін сақтап қалуымыз керек: ДСМ
Жаңа жылдағы шырша саудасы: 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынған
14 өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Қостанайда 16 жастағы жасөспірім адам қолынан қаза болды
Кәрім Талғатұлы оқушылар арасындағы дүниежүзілік олимпиадада алтын медаль жеңіп алды
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған
Жаңа жылдық рейдтер барысында заңсыз ағаш кесудің 8 фактісі анықталды
Алматыдан 77 км қашықтықта жер сілкінді
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Футзалдан ел чемпионатында ірі сенсация тіркелді