Маңғыстауда мыңнан аса адам қызылша жұқтырған

Маңғыстау облысында биыл қызылша ауруына 2 мыңнан аса күдікті жағдай тіркелді. Оның ішінде 1096 жағдай дәлелденген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бердібек Саралтаев мәлім етті.Қарашаның 16-сына дейін Ақтау қаласында - 444, Жаңаөзенде - 892, Түпқарағанда - 78, Маңғыстау ауданында - 67, Қарақия ауданында - 147, Мұнайлыда - 440, Бейнеуде 14 науқас тіркелген. Жалпы облыс көлемінде қызылшаның 2082 күдікті жағдайының ошағында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Нақтыланған 1096 жағдайдың жас бойынша талдауында 1 жасқа дейін 181 жағдай (16,5%), 1 - 14 жас - 726 (66,2%), 15-18 жас - 28 (2,5%), 19 жас және одан жоғары – 161(14,6%) жағдай тіркелді. Облыс көлемінде 1 жастағы балалардың егумен қамтылу деңгейі 85 %, ал 6 жастағы балаларда бұл көрсеткіш 87,7% құрады. Қосымша жаппай иммундау бойынша облыста егілуге жоспарланған контингенттер саны – 55 029. Атап айтқанда 6 ай - 10 ай 29 күнге дейінгі балалар саны – 14 300. 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар саны – 36 950, оның ішінде 2 жас – 4 869, 3 жас - 16 845, 4 жас - 15 236 бала. Ал 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерінің саны – 3779,- деді Бердібек Саралтаев. Сондай-ақ облыс көлеміндегі ауруханалардың жұқпалы бөлімдерінде 118 науқас бар, олардың 84-і бала, 34-і ересек, оның ішінде - 8 жүкті әйел жатқан. - Қызылша ауруы өте жылдам, ауа тамшы жолымен таралатын парамиксовируспен шақырылатын, теріде бөртпелердің шығуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Негізінен екпемен қамтылмаған немесе ағзада қажетті иммунитет қалыптаспағандарда ауру дамиды. Ауруға қарсы екпе алмаған жандар да бұл дерттің зардабын шегеді, негізі ми жасушаларының қабынуы - энцефалитпен асқынады. Ауырған адамның дене қызуы көтеріледі, әлсірейді, бас аурып, ұйқысы қашады, құрғақ жөтел басталып, 3-8 күнге дейін бөртпелер шыға бастайды. Бөртпелер қан тамырларының жарылуынан пайда болады. Бөртпелер дененің жоғарғы жағынан төмен қарай төгіліп шығады. Тұрғындарды екпе алуға және сақтық шараларын сақтауға шақырамын,- деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибізада Дүйсенбаева.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль тұтқындалды
Он сегіз көлік соғысқан жол апаты: бір адам ауруханаға түсті
Нағашысы зорлағаннан кейін анасы малшыға беріп жіберген қыздың қиын тағдыры
Қазақстанда пара беруді ұсынғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Алматы көру және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін кедергісіз кітапханалар жасауда
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 автономды кітапхана орнатылды
Биылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесі ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіле бастайды
Алматыда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі тексерілді
Адам өміріне ара түскен дәрігерлер
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
Алматыда шоқындыру рәсімі күні суға түсуге арналған 10 орын белгіленді
Алматыда Ішкі істер министрі Тәлімгерлер кеңесімен кездесті
Өткен жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1,1 млн астам қызмет алды
2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
Халықтың қаржысын жымқырғандарды шетелге шығармау керек - Перуашев
Былтыр еліміз тұрғын үй құрылысы саласында рекордты көрсеткішке қол жеткізді
Тоқаев Италия министрлер кеңесінің төрағасымен кездесті
«Ең бірінші өздеріңді тазалаңдар»: Жаңбыршин жемқорларды тоқтатуды талап етті
Нұрғали Нүсіпжанов 88 жасында Мейрамбек Бесбаевқа ақ батасын берді (ВИДЕО)
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қоғамдық тамақтану қызметтерінің бағасы қалай өзгерді?
Еңбек адамын барынша насихаттау керек - депутат
Ақмолада көктемгі су тасқынына дайындық тексерілді
Тоқаев Италия министрлер кеңесінің төрағасын Астанаға шақырды