Маңғыстауда нөсерлі жауын салдарынан электр қуаты өшіп, байланыс үзілді

Маңғыстауда бір күннің ішінде бір айлық жауын мөлшерінен де көп жаңбыр жауды. Соның салдарынан көп елдімекендер жарық, желісіз қалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.Қазгидрометтің хабарлауынша, Маңғыстау облысының аумағында ауқымды циклон жүрген. Оңтүстіктен бауырлап келген будақ бұлттың төгіп салуы салдарынан облысымыздың батысында, солтүстік-батысында және орталығында нөсерлетіп жауын құйды. Сондай-ақ өңіріміздің солтүстік, оңтүстік және орталық бағытында 15-19 м/с екпінді жел соқты. "Ақтау қаласы бойынша бір айда жауын-шашын мөлшері 13 мм болса, кеше кешкісін бұл көрсеткіш қалыпты нормадан асып, 19 мм-ге жетті. Форт-Шевченкода сол түні 19 мм, Қызан ауылына 24,0 мм жауын-шашын түсті. Бұл айлық нормадан 1 мм-ге асады" (мамырдағы норма 23,0 мм), - деді кезекші синоптик Нұргүл Құрманғабұлова.Облыс тұрғындары электр қуатының жоқтығына шағымданады."Түнде 34, 38 және 39 сияқты белгілі бір аудандарда GPP 4G ұяшығымен байланысты жоғары вольтты кабельдің зақымдалуына байланысты электр қуаты үзілді. Қазір 34 шағынауданды қоспағанда, барлығына жарық берілді",- деді АЭЖБ-ның баспасөз хатшысы Луиза Молочаева.Түнде қала бойынша автомобиль жолдарынан 1120 м3 жаңбыр суы сорылған. Қазір жаңбыр суын тазарту жұмыстары келесі мекен-жайлар бойынша жүргізіліп жатыр: 12 шағынауданы №59 үйдің алдындағы автомобиль жолы;  №27 автомобиль жолы, Сары базар ауданы - Хазар базары 31 ш / а; 31Б ш / а. "Өрнек" ТК. Бұл жұмыстарға жеке құрамның 56 қызметкері және 12 арнайы техника жұмылдырылған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қариялар мінген көлік тас жолда өртеніп кетті
БҚО-да қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарында өрт шықты
Алматы әуежайының қызметкерлері 50-ден астам телефон ұрлаған
Шаһардың экологиялық мәселесін шешу маңызды
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов­тың төрағалығымен бюро отырысы өтті
Балаға сабақтан жақсы баға алғаны немесе үй жинағаны үшін ақша беру дұрыс па?
Мемлекет басшысы Бағдат Телтаевты қабылдады
Сенат төрағасы Вавьерниамен кездесті
Жүн, былғары және резеңкеден жасалған балалар ойыншығын сатуға тыйым салынбақ
БҚО-да алименттен жалтарып жүрген 14 борышкерге қатысты тергеу басталды
Бублик пен Шевченко "Ролан Гаррос" турнирінің жұптық сындағы матчын сәтті бастады
Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады
«Төменге құлағанда қасымда бір досым да қалмады»: ерекше дауыс иесі Нұржан Қалжан өмірі, өнері жайлы сыр шертті
Ақтөбеде лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды
БҚО-да алимент төлеуден жалтарған 14 зиянды борышкердің үстінен іс қозғалды
Футболдан Ұлттық құрама бапкерлігіне үміткерлер белгілі болды
Батыс Қазақстан облысында қоқыс полигонындағы екі ірі өрт сөндіріліп жатыр
286 млн теңге: Батыс Қазақстанда балаларына алимент төлеуден қашып жүрген әкелер жазаланды
Павлодар облысының тұрғыны әйелін өзі босандырып алды
БҚО-да қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарында өрт шықты
Қазан қаласында Абай орталығы ашылды
Алматы әуежайының қызметкерлері 50-ден астам телефон ұрлаған
Астанада жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан тұрғын ұсталды
БҚО-да үй шатыры өртеніп кетті