Маңғыстауда өлген итбалықтар саны 182-ге жетті. Бұл – түпқараған ауданындағы Каспий теңізі жағалауына жүргізілген мониторингтің соңғы бір айдағы нәтижесі, деп хабарлайды Almaty.tv.Балық инспекциясы мен Гидробиология және экология институтының өкілдері осыдан 3 күн бұрын 79 итбалықтың өлексесін анықтады. Олардың ұшалары бұзылып, шіри бастаған. Теңіз жануарлары қыс мезгілінде қырылуы мүмкін. Каспий теңізінің жағалау аймағына мониторинг жүргізу жалғасуда.– Өлі итбалықтар Түпқараған ауданы теңіз жағалауынан 15 шақырымдағы Өрдек мүйісі мен Баутин аралығынан табылды. Мамандар теңіз жануарларының ішкі құрылысынан сынама алды. Сараптама қорытындысы итбалықтардың неден өлгенін анықтайды. Алдын ала себебін айта алмаймыз, – деді Балық инспекциясы бастығының міндетін атқарушы Андрей Руцкий.