Маңғыстауда ірі көлемде ақша жымқырған колледж директоры сотталды

Маңғыстау облысындағы "Бейнеу гуманитарлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынының директоры колледждің бюджеттік қаражаттарын иемденгені, яғни сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлағаны үшін айыпталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz."Сотталушы 2022 жылғы желтоқсан және 2023 жылғы тамыз айлары арасында колледж қызметкерлеріне сыйақы беру туралы бұйрықтар шығарған. Ол тікелей кадр бөлімі басшысына нақты қандай қызметкерлерге сыйақы беру және оның мөлшері туралы бұйрықтар рәсімдеу туралы ауызша нұсқау берген. Колледж қызметкерлерінің бірқатары сыйақы ретінде өз есеп шоттарына аударылған қаражаттардың бір бөлігін сотталушыға қолма-қол, ал бірқатары бухгалтер арқылы қайтарған" деп мәлімдеді Бейнеу аудандық сотының баспасөз қызметі. Сотталушының кінәсі жәбірленуші өкілі мен куәгерлердің жауаптарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Сот үкімімен сотталушы ҚК-нің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-нің 74-бабына сәйкес, асырауында жас баланың болуына байланысты тағайындалған жазаның орындалуы 4 жыл мерзімге кейiнге қалдырылған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Azerbaijan Airlines жолаушылардың тізімін жариялады
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған
«AMANAT» партиясы Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
«AMANAT»-та Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтылды
Нью-Йоркте Қазақстан шахматшыларының қатысуымен әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда жылдың үздік спортшысы анықталды