Маңғыстау облысы Қарақиян ауданының мектеп бітірушісі ұлттық бірыңғай тестілеуден жиған жоғары баллына көңілі толмады. Тіпті ол апелляцияға өтініш берген, деп хабарлайды Stan.kz Маңғыстау облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша аралық қорытынды тізімделген. Нәтижесінде Қарақиян ауданының мектеп бітіруші түлегі Айдос Батыржанұлы ең жоғары балл жинаған. Ол 140 баллдық көрсеткіштің 134-не дұрыс жауап беріпті. Бірақ бұл нәтижеге оның көңілі толмай отыр. “Облыс бойынша тест тапсырғандар арасында ең жоғары балл жиған Қарақиян ауданының мектеп бітірушісі апелляцияға өтініш берді. Жас түлек нәтиженің дұрыс шықпағанын айтып, өзі белгілеген тест сұрақтары бойынша нақты дәлелдерін келтірмекші. Енді сол өтініш бойынша тексеру қорытындысы 30 күннен кейін жарияланады”, - делінген Маңғыстау облыстық білім басқармасы ақпаратында.