Маңғыстаудың ең биік нүктесінде "Бірлік оты" жағылды

Маңғыстаудағы Отпан тауда "Бірлік оты" жағылды. Ізгілік пен татулықтың алауы Наурыз мерекесінің басталғанын білдіреді. Ақтаудан 150 шақырым жердегі "Адай ата – Отпан тау" рухани-мәдени кешенінде мерекелік шаралар басталып, онда 50-ге жуық киіз үй тігілді. Шара халықаралық деңгейде өтіп жатыр.Отпан тауға жиналып, от жағу -маңғыстаулықтардың ежелден келе жатқан дәстүрі. Тарихқа үңілсек, қазақ елге қауіп төнген сәтте тау басында от тұтатып, көмек шақырған. Тауда жанған алау барлық жерге көрінген. Батырлар шұғыл аттанып, жауға қарсы шапқан. Бүгінде бұл - ата дәстүр бірлік пен ізгіліктің, татулық пен тұрақтылықтың белгісіне айналды.Бекмұрат ЖҮСІПОВ,  ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:Бір жылдан бері соған дайындық жасап жатырмыз. Бұл тек қана бүгінгі шара емес, бүгінге дейін де бірнеше шаралар өтті. Ақындардың мүшайрасы болды. Қарилардың жарысы болды, құран оқудан. Амалдың негізгі мақсаты бұл бір-бірімен халық көрісу, татуласу. Сондықтан біз оны «Бірлік» оты деп атадық. Отпан тауда 2008 жылдан бастап бұл мереке кеңінен аталып өтеді. Содан бері "Бірлік" оты мереке кезінде ата-бабаларды еске алу үшін жағылады. Нұрбол ХАЛИЕВ, ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:Биыл Амал мерекесі қарсаңында от жағу дәстүрін Мұңал ата ұрпақтары өз жауапкершілігіне алған. Бүгін «Бірлік» алауын Қосай ата ұрпақтарына тапсырамыз. Жылдың басты мерекесін тойлауға 10 мыңнан астам адам жиналды. Мұнда еліміздің өзге өңірлерінен бөлек Түркия, Өзбекстан және Қарақалпақстаннан қонақтар келді. Амал мерекесі бұл елдерде де өте танымал. Маңғаз Маңғыстаудың ең биік нүктесінде өтіп жатқан мерекелік шарада ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ өнерпаздар мерекенің көркін қыздырды. Жергілікті қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада алғаш рет сәбилерге бауыр ауыстыру отасы жасалды
Алматыда ескі шамдарды жаңасына жаппай ауыстыру жүріп жатыр
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау объектілеріне 40 тексеру жүргізілді
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
Қарағандыда көктемгі су тасқынына алдын ала дайындық басталды
Астанада алғаш рет сәбилерге бауыр ауыстыру отасы жасалды
Вокзал маңынан көрген: Павлодар облысында ер адам жоғалып кетті
Майдандағы жеңіс тылдағы ерен еңбекпен жақындады
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау объектілеріне 40 тексеру жүргізілді
«Ол – жүрегім сүйер соңғы адам»: әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жазбасымен оқырманды ойландырып қойды
Ақтауда «МАЭК» ЖШС қарасты су каналын тереңдету жұмыстары жүргізілуде
Алматыда ескі шамдарды жаңасына жаппай ауыстыру жүріп жатыр
Алматы облысында жер үйде газ жарылып, екі адам жарақат алды
Қаламыздың болашағы инвесторлардың талабынан маңызды
Орынсыз қызғана берме: Ғаділбек Жанай келіншегін жұрттың көзінше жылатып қойды
Жаңаөзенде 33 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсады
Футзал: “Қайрат“ Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне бір табан жақын қалды
Жетісуда пробация есебіндегі азамат жеке кәсіп ашты
Курчатов қаласында үйде қамалып қалған баланы құтқарушылар сыртқа шығарды
«Парасат майданы» спектаклі көрермен назарына ұсынылады
Алматының Түрксіб ауданындағы бос жердің орнына жаңа заманауи жаяу жүргіншілер аймағы ашылды
Құжатым жоқ, мектепке бармаймын: Әлеуметтік желіде ауыр жұмыс істеп жүрген баланың бейнежазбасы тарады
Жаңаөзенде 33 жастағы ер адам жұрттың көзінше өз-өзіне қол жұмсады
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық қозғалысы қайта жанданды