Маңғыстауға барыс оралды

Маңғыстауға барыс оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz. 2015 жылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданында барыстың қақпанға түсіп қалғаны туралы суретімен расталған ақпарат әлеуметтік желілерде кеңінен тараған болатын. Бұл мәлімет қоғам арасында ұзақ талқыланды әрі үлкен қызығушылық туғызды, себебі сол кезде жануардың бұл түрі Қазақстанның фаунасында бұрын соңды кездеспеген және бұл аумақтарда мекендегені туралы ақпарат болмаған.Бұл ретте ғылыми әдебиеттен белгілі, көршілес Түркменстан аумағында алдыңғы азиялық барысының шамамен 100-ден астамы өмір сүретіні айтылады. 2018 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда алғаш рет Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері фототұзақтың көмегімен жас еркек алдыңғы азиялық барысының суретімен бөліскен болатын, сол кезде бұл нағыз зоологиялық жаңалық болатын. Ақпараттық науқан жүргізу барысында және балалар арасында шығармашылық сурет байқауын өткізу кезінде барысқа Тау Шері деген есім берілген.Осылайша екі жылға жуық Тау Шері барысы қорық аумағында бірнеше рет фототұзыққа түсіп қалып жүретін. Алайда жаз мезгілінде көзден таса болып мүлде көрінбей кеткен еді, мамандар жабайы жануарының қорық аумағынан шығып кетуінің себебін өзінің ортасын іздеп кеткен болуы керек деп болжам жасады. Барыстың Маңғыстау жерінде мекендеуі туралы жануарлар әлемін қорғаушы мамандардың биологиялық негіздеме жасақтап, аталмыш алдыңғы азиялық барысын Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу бойынша жұмыстанды, нәтижесінде осы мәселе негізге алынып 2021 жылы Үкімет тарапынан тиісті шешімі қабылданды. Сондай-ақ, Қазақстанда барыс популяциясын сақтап қалу жөніндегі арнайы іс-жоспары жасақталды.Бірінші басымдықтардың қатарында барыстың және оның негізгі қоректенетін объектілеріне (Үстірт тау қойы мен қарақұйрық) мониторинг жүргізу, жануарлардың негізгі мекендейтін ортасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейту, ықтимал қақтығыстардың алдын-алу мақсатында жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, адамдар мен жабайы жануар арасындағы болуы мүмкін қақтығыс жағдайларды болдырмау, сондай-ақ браконьерлікпен күрес, соның ішінде үлкен тұзақтарды қолдануға жол бермеу болды. 2021 жылы Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында жергілікті тұрғындар өлі барысты тауып алғандығы туралы ақпарат тиісті табиғат қорғау мекемелеріне хабарлаған болатын. Өлген жануардың суреттеріне жан-жақты талдау жүргізген мамандар, өкінішке қарай, қорық аумағынан шығып кеткен Тау Шері екенін растады. Сарапшылар жануардың нақты неден өлгені туралы негізгі себебін таба алмады, алайда бұл жағдайда барыс өлерінің алдында браконьерлер тарапынан жараланған болуы мүмкін деген болжам айтылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты
Қонаевта қысқы дрифт шоуы өтті
Универсиада-2025: Мәнерлеп сырғанаудан София Самоделькина қола жүлде иегері атанды
Ашқарынға жеміс-жидек жеуге бола ма? Дәрігер жауабы
Астанада крещение рәсімі қалай өтіп жатыр
Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
Павлодарда төрт жыл алимент төлемеген әке ұсталды
СҚО-да "Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер" экологиялық байқауы өтті
Су тасқыны кезеңіне дайындық: қорғау мен алдын алудың кешенді шаралары
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты
Қонаевта қысқы дрифт шоуы өтті
Алматыда бейнебақылау камералары қандай қылмыстарды ашпақ?
Шығыс Қазақстандағы екі жолда көлік қозғалысына тыйым салынады
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
Астанадан Қарағандыға барған жолаушылар такси жүргізушісін ұрып кеткен
Елордалық жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады
Ұлттық ұлан офицері қыздың өмірін сақтап қалды
Қазақстанда энергия жинайтын құрылғы шығарылады
Жексенбі күні елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Еліміздегі әуежайларда шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін
Алматыда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 14 адамды эвакуациялады
Астанада ер адамның мүрдесі табылды
Астанада қаланың қақ ортасынан мәйіт табылды
Жетісу облысындағы Лепсі арқылы Балқашқа апаратын жаңа жолда көлік қозғалысы туристік маусымға дейін ашылады