Маңғыстаулық белсенділер вандализмге қарсы күрес жүргізуде. Шараға "Жастар рухы" Жастар қанатының мүшелері, қоғам белсенділері мен блогерлер қатысты. Олар Саура мен Тамшалы трактаттары және Форт-Шевченкодағы маякқа барды. Айтуларынша ол жерге белгісіз біреулер кіріп, электр шамын ол аздай күмбезді шатырмен қоса ұрлап кеткен. Бұзақылар қиратып кеткен жерді белсенділер қайта қалпына келтіріп, сенбілік өткізді.Абзал МАРАТ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ МОФ ТӨРАҒАСЫ:Негізгі көрген орындарымыздағы жағдай қуантарлық емес. Жарлардағы жазу, мына адамдар демалатын орындардағы заңсыз қоқыс орын жиналған. Оның барлығы вандализмге әкеліп соғуда. Біздің негізігі мақсат әлеуметтік желі арқылы, БАҚ арқылы өзіміздің жерлестерге біздің облысымызға келетін қонақтарға тек қана, бір ғана айтарымыз бар. Ол біздің табиғат анамызды аялау, құрметтеу, қорғау.