Маңғыстаулық құтқарушылар Атырау облысында құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр

Атырау облысындағы су тасқыны әлі толастамай тұр. Осыған байланысты Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылында апаттық құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz. Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Нұрлыбек Айжарықовтың айтуынша, 22 мамыр күні жұмыс барысында шамамен 150 бас ұсақ мал, тұрмыстық бұйымдар қауіпсіз жерге эвакуацияланып шығарылған. Авариялық құтқару жұмыстарына 4 жеке құрам, 1 үрмелі қайық, 2 бірлік техника жұмылдырылған. - Махамбет ауданы, Есбол ауылындағы «Су тазарту бекетінің» ауласында 3 мотопомпаның көмегімен, шамамен 680 текше метр су сорылды,-дейді Нұрлыбек Айжарықов. Айта кетейік, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облысына Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінен барлығы 225 жеке құрам су тасқыны жағдайының алдын алуға жұмылдырылған. Бүгінгі күні 132 жеке құрам, 13 бірлік техника, 7 жүзу құралы, 25 мотопомпа жұмыс істеп жатыр. Атап айтар болсақ, Құлсары қаласында 15 жеке құрам, Атырау қаласында 28 жеке құрам, Индер ауданында 4 жеке құрам, Махамбет ауданында 87 жеке құрам бар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 16 маусымға арналған ауа райы
Нұрбол Жұмасқалиев дебютін сәтті өткізді
Почему мажилисмены поменяли отношение к закону об игорном бизнесе? Букмекеры подают в суд на депутата
Президент Әзірет Сұлтан мешітіне барды
Қазақстанда алғаш рет ана құрсағындағы ұрыққа операция жасалды
Тоқаев мешітке барды: Құран оқытылып, Президент атынан құрбандық шалынды
Президент Әзірет Сұлтан мешітіне барды
"Балаларым шошып кетті". Денсаулығы сыр берген Жұлдыз Абдукаримова жан сырын ақтарды
Олжас Бектенов: Құрбан айт игі істер мен қайырымдылыққа үндейді
Алматы халқы Мұрат Әуезовті ақтық сапарға шығарып салды
Асу Алмабаев UFC-гі үшінші жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық спортшы UFC-де жеңіске жетті (ВИДЕО)
Қазақ елі Мұрат Әуезовті ақтық сапарға шығарып салды
Бүгін – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні
Құрбанға шалынған мал етінен үй иесі өз үлесін ала ма?
Астанада электр самокаттарды қауіпсіз жүргізу бойынша ағарту науқаны жүргізілді
Қазақстанға қонаққа келіп, жоғалып кеткен ресейлік өлі табылды
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге баса назар аударамыз - Тоқаев
Ерлан Қошанов: Бұл – асыл қасиеттерді дәріптейтін ұлық мереке
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін құттықтады
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Бүгін Қазақстанда Әкелер күні атап өтіледі